Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлерді іріктеу жөніндегі бірыңғай конкурс комиссиясы қорытынды отырысының 27.02.2018

ХАТТАМАСЫ

№4

(үзінді)

Кентау қаласы                                                                                              27.02.2018 жыл

Сағат. 11:30

Қатысқандар: конкурс комиссия төрағасы, комиссия мүшелері және хатшысы.

Күн тәртібінде:

 

Кентау қаласы әкімінің орынбасары бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткер кандидаттардың берген құжаттары, өткізілген әңгімелесудің нәтижелері негізінде бағалап, бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеу.

Жоғарыда көрсетілген бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру 15.02.2018 жылғы уәкілетті органның (www.kyzmet.gov.kz) және 14.02.2018 жылы Кентау қаласы әкімдігінің (www.е-kent.gov.kz) интернет-ресурстарында жарияланған конкурсқа қатысып, әңгімелесуден өткен азаматтар:

1. Алдамуратов Абдумалик Аблакимович;

  1. 2. Басаров Арман Амангелдиевич.

Кандидатпен өткізілген әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленген. Сонымен қатар, әңгімелесу өткізу барысында байқаушы қатысты.

Бірыңғай конкурс комиссиясының қорытынды отырысының нәтижесінде, жоғарыда аталған бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға кандидат берген құжаттары, өткізілген әңгімелесудің нәтижелері негізінде бағалап, ашық дауыс беру жолымен,

ШЕШІМ ЕТТІ:

 

Кентау қаласы әкімінің орынбасары бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Алдамуратов Абдумалик Аблакимович ұсынылсын.

Комиссия төрағасы:

 
   

Комиссия мүшелері:

 
   
   
   

Комиссия хатшысы:

 

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлерді іріктеу жөніндегі

бірыңғай конкурс комиссиясы қорытынды отырысының

ХАТТАМАСЫ

№4

(үзінді)

Кентау қаласы                                                                                              27.02.2018 жыл

Сағат. 12:00

Қатысқандар: конкурс комиссия төрағасы, комиссия мүшелері және хатшысы.

 

Күн тәртібінде:

 

Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің бас маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткер кандидаттарды берген құжаттары, өткізілген әңгімелесудің нәтижелері негізінде бағалап, олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеу.

Жоғарыда көрсетілген бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру 07.02.2018 жылы уәкілетті органның (www.kyzmet.gov.kz) және 08.02.2018 жылы Кентау қаласы әкімдігінің (www.e-kent.gov.kz) интернет-ресурстарында және 10.02.2018 жылғы «Кентау шұғыласы», «Кентау» газеттеріне жарияланған конкурсқа қатысып, әңгімелесуден өткен азаматтар:

  1. 1. Аширов Ерлан Жолдасбекович;
  2. 2. Эргешова Гульшод Абдуманаповна.

Кандидаттармен өткізілген әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленген. Сонымен қатар, кандидаттармен әңгімелесу өткізу барысында байқаушы қатысқан.

Бірыңғай конкурс комиссиясының қорытынды отырысының нәтижесінде, жоғарыда аталған бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға кандидаттар берген құжаттары, өткізілген әңгімелесудің нәтижелері негізінде бағалап, ашық дауыс беру жолымен,

ШЕШІМ ЕТТІ:

Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің бас маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Эргешова Гульшод Абдуманаповна ұсынылсын.

Комиссия төрағасы:

 
   

Комиссия мүшелері:

 
   
   
   

Комиссия хатшысы:

 

Кіру немесеТіркелу