Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлерді іріктеу жөніндегі бірыңғай конкурс комиссиясының 20.08.2018

ХАТТАМАСЫ

№4

(үзінді)

Кентау қаласы                                                                                              20.08.2018 жыл.

Сағат. 9:30

Қатысқандар: конкурс комиссия төрағасы, комиссия мүшелері және хатшы.

Күн тәртібінде:

 

Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткер кандидаттардың берген құжаттары, өткізілген әңгімелесудің нәтижелері негізінде бағалап, бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеу.

Жоғарыда көрсетілген бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру 02.08.2018 жылы Кентау қаласы әкімдігінің (www.e-kent.gov.kz) және 03.08.2018 жылы уәкілетті органның (www.kyzmet.gov.kz) интернет-ресурстарында жарияланған конкурсқа қатысып, әңгімелесуден өткен кандидат:

1. Дауылбаев Сабит Арапович;

 

Кандидаттармен өткізілген әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленген. Сонымен қатар, әңгімелесу өткізу барысында байқаушы қатысты.

Бірыңғай конкурс комиссиясының қорытынды отырысының нәтижесінде, жоғарыда аталған бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға кандидаттар ұсынған құжаттары, сондай-ақ эссені бағалау нәтижелері және өткізілген әңгімелесудің нәтижелері негізінде бағалап, ашық дауыс беру жолымен,

ШЕШІМ ЕТТІ:

 

Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Дауылбаев Сабит Арапович ұсынылсын.

Комиссия төрағасы:

 
   

Комиссия мүшелері:

 
   
   
   

Комиссия хатшысы:

 

Кіру немесеТіркелу