Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Қарнақ ауылының әкімі ШЕШІМ

ЖОБА

Қарнақ ауылының әкімі

ШЕШІМ

                                                                                                                                            №___                                                                                     «__»________2018 жыл                                                                                          

Кентау қаласы Қарнақ

ауылындағы көшелердің

атауын өзгерту туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Оңтүстік Қазақстан облысы ономастика комиссиясының 2018 жылғы 06 сәуірдегі  облыстық ономастика  комиссиясының қорытындысына сәйкес Қарнақ ауылы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Кентау қаласы Қарнақ ауылындағы көшелердің атауы өзгертілсін;

1)Ахын тұма №1 көшені  «Самал» көшесі деп;

2)Ахын тұма №2 көшені «Арай» көшесі деп;

3)Ахын тұма №3 көшені «Шапағат» көшесі деп;
4) Дүйім тұма №1 көшені «Тұлпар» көшесі деп;

5) Дүйім тұма №2 көшені «Шаңырақ» көшесі деп;

6) Есімхан Шағайұлы  көшені №1 көшені  «Достық»  көшесі деп;
7) Есімхан Шағайұлы  көшені №2 көшені  «Шаттық»   көшесі деп;   

2. Кентау қаласы әкімдігінің «Қарнақ ауылы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

          1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

          2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

          3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Кентау қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

          4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.

4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

        Қарнақ ауылының әкімі                                              Т.Мадмусаев

 

Кіру немесеТіркелу