Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Кентау қаласының мэрінің шешіміне 3 қазаннан бастап өзгерістер енгізу туралы

Кентау қаласы әкімінің

ШЕШІМІ

№____ «___»_______ 2017 жыл

Кентау қаласы әкімінің 2011 жылғы 3 қазандағы № 9 «Кентау қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1, 2 тармақтарына сәйкес, Кентау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Кентау қаласы әкімінің 2011 жылғы 3 қазандағы № 9 «Кентау қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-3-117 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 19 қарашадағы «Кентау шұғыласы» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасында № 1075 сайлау учаскесі келесі редакцияда жазылсын:

«№1075 сайлау учаскесі

Орталығы: Кентау қаласы, М.Шоқай көшесі №12-үй, №2 Ш.Қанайұлы атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты.

Шекарасы: Сейфуллин көшесі тақ жағы 1-85 үйлер, жұп жағы 6-22 үйлер, Сейфуллин мүйісі тақ жағы 1-29 үйлер, жұп жағы 2-18 үйлер, Еңбекші мүйісі тақ жағы 1-17 үйлер, жұп жағы 2-16 үйлер, М.Шокай көшесі 7-17 үйлер, Навои көшесі 43-48 үйлер, Келіншектау мүйісі 3-18 үйлер, Фисатиди мүйісі тақ жағы 3-13 үйлер, Рахимова мүйісі 1-12 үйлер, Кобыланды батыр көшесі тақ жағы 19, 21, 27-65 үйлер, жұп жағы 26-52 үйлер, Молдагалиев көшесі 17-36, 43, 43А, 45 үйлер.».

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы Б.Алимбетовке жүктелсін.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Кентау қаласының әкімі Ә. Мақұлбаев

«КЕЛІСІЛДІ»

Кентау қалалық сайлау

комиссиясының төрағасы Б.Садуов

«___» желтоқсан 2017 жыл

 

Кіру немесеТіркелу