Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

2017-12-05Жоба
Кентау қаласы әкімдігінің
Қаулысы
№ ___ «___»_________2017ж.

Азаматтық қызметшілер болып

табылатын және ауылдық жерде

жұмыс істейтін денсаулық сақтау,

әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру,

мәдениет, спорт және ветеринария

саласындағы мамандар лауазымдарының

тізбесін анықтау туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулыға 1,2,3,4,5,6 – қосымшаларға сәйкес анықталсын.

2. Кентау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 шілдедегі №201 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №3839 нөмірмен тіркелген, 2016 жылғы 27 тамыздағы «Кентау шұғыласы» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. «Кентау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны Кентау қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын:

2) осы қаулыны Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімінің орынбасары Н.Ташимовке жүктелсін.

Кентау қаласының әкімі Ә.Мақұлбаев

«КЕЛІСІЛДІ»

Кентау қалалық мәслихат

хатшысы

«___»_________ 2017 жыл Т.Балабиев

 

Кентау қаласы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы ___ қазандағы
№ ____ қаулысына 1 қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және орынбасары (басшының экономикалық, қаржы және әкімшілік-шаруашылық мәселесі жөніндегі орынбасарынан басқа), құрылымдық бөлімшесінің (бөлім, бөлімше) басшысы, әкімшілік-шаруашылық негіздегі бөлімшесінен (бөлім, бөлімше) басқа.  

2. Мамандар (жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ): дәрігерлер, мейіргер барлық атаудағы, диеталық мейіргер, акушер, фельдшер, фармацевт, мұғалім, әдіскер, тәрбиеші, логопед, психолог, дефектолог, жүзу жөніндегі нұсқаушы, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы-әдіскер, емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент, әлеуметтік қызметкер (барлық атаудағы), мәдени ұйымдастырушы, музыкалық жетекші.

 

Кентау қаласы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы ___ қазандағы
№ ____ қаулысына 2 қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандар

лауазымдарының тізбесі

1.Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы және басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).
      2. Психологиялық – медициналық - педагогикалық консультация меңгерушісі, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, лагерь (бастығы) меңгерушісі, интернат меңгерушісі білім беру ұйымдарында.     

3. Мамандар (аға, жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ): білім беру ұйымдарының барлық мамандықтағы мұғалімдері, шығармашылық шеберхананың жетекшісі (білім беру ұйымдарында), дене тәрбиесінің жетекшісі (білім беру ұйымдарында), алғашқы әскери даярлық оқытушы-ұйымдастырушысы, әлеуметтік педагог, педагог-ұйымдастырушы, қосымша білім беру педагогы, тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім, педагог-психолог, кеміс балалармен жұмыс істейтін мұғалім (дефектолог), оқытушы, тәрбиеші (білім беру ұйымдарында), оқыту қызметімен тікелей айналысатын спорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушы (білім беру ұйымдарында), тәлімгер, оқу-тәрбие қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесінің нұсқаушысы, оқу-өндірістік шеберхана меңгерушісі (білім беру ұйымдарында), аудармашы-дактилолог (білім беру ұйымдарындағы сурдо аудармашы), еңбек жөніндегі нұсқаушы (білім беру ұйымдарында), мәдени ұйымдастырушы (білім беру ұйымдарында), зертханашы, өндірістік оқыту шебері, әдіскер, музыкалық жетекші, аккомпаниатор, концертмейстер, көркемдеуші, барлық мамандықтағы дәрігерлер, мейіргер, диеталық мейіргер, медициналық статист, кітапхана меңгерушісі, кітапханашы.

Кентау қаласы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы ___ қазандағы
№ ____ қаулысына

3 қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар

лауазымдарының тізбесі

1.Мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық мәселелер жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа), филиал басшысы мен басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық мәселелер жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).

2. Көркемдік жетекші, труппа меңгерушісі, музыкалық бөлімінің меңгерушісі, көркемдік қойылым бөлімінің меңгерушісі, әдеби-драмалық бөлімінің меңгерушісі, кітапхана меңгерушісі, архив қоймасының меңгерушісі, бөлім басшысы (әкімшілік-шаруашылық негіздегі бөлімнен басқа).
      3.Мамандар (бас, жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ): сүйемелдеуші, әртіс, кітапханашы, редактор, режиссер, режиссер ассистенті, режиссер көмекшісі, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы, барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), барлық атаудағы суретшілер, хореограф, қор сақтаушы, музейлер қорын есепке алу архивисті, архивист, экскурсовод, өнертанушы, дизайнер.

4.Ғылыми қызметкер (оның ішінде бас,аға,жетекші, кіші). 

5. Техникалық орындаушылар: мұражай қараушысы.

Кентау қаласы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы ___ қазандағы
№ ____ қаулысына

4 қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін спорт саласындағы мамандар

лауазымдарының тізбесі

      1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа), филиал басшысы, филиал басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).  

2. Мамандар (бас, аға, жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ): жаттықтырушы, әдіскер, жаттықтырушы-оқытушы, нұсқаушы, хореограф, жаттықтырушы - массажшы, дәрігер, медициналық бике.



Кентау қаласы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы ___ қазандағы
№ ____ қаулысына

5 қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1.Мемлекеттiк мекеменің, қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).

  2. Мамандар (жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ): ветеринариялық дәрігер, зертханадағы ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық лаборант, зоотехник, бактериолог, вирусолог, ветеринариялық фельдшер, малды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник.



Кентау қаласы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы ___ қазандағы
№ ____ қаулысына

6 қосымша



Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде денсаулық сақтау саласындағы мамандар

лауазымдарының тізбесі

1.Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).

   2. Құрылымдық бөлімшелер бөлімшелері, бөлімше, станция, бөлім, орталықтың басшысы және басшының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа), дәріхана меңгерушiсi, зертхана меңгерушiсi.

3. Мамандар (бас, аға, жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ): барлық мамандықтағы дәрігерлер мен барлық мамандықтағы мұғалімдер, барлық атаудағы мейіргер, провизор (фармацевт), әлеуметтік қызметкер, денсаулық сақтау сарапшы маманы, зертхана маманы, қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер), психолог маманы, барлық атаудағы фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), тіс дәрігері (дантист), тic технигі (тіс протездеу бөлімшесінің, кабинетінің зертханашысы), стоматолог-дәрігердің көмекшісі (стоматологтың ассистенті), рентген зертханашысы, фармацевт, стоматологиялық гигиенист, оптик және оптикометрист, емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, диеталық мейіргер, медициналық тіркеуші, техник-дозиметрист, нұсқаушы-дезинфектор, кітапханашы, тәрбиеші, музыкалық жетекші.

Кіру немесеТіркелу