Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Кентау қаласының әкімдігі

ҚАУЛЫ

№___ «__»_____2017 жыл

  

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға

мемлекеттік білім беру тапсырысын,

ата-ана төлемақысының мөлшерін

бекіту туралы

  

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулыға 1-қосымшаға;

2) ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Кентау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 26 сәуірдегі №106 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4106 тіркелген, 2017 жылғы 27 мамырда «Кентау шұғыласы» газетінде және 2017 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Мыңбаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі Ә.Мақұлбаев

Кентау қаласы әкімдігінің

2017 жылғы ____________

№____ қаулысына 1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны

Оның ішінде

республикалық бюджет есебінен

жергілікті бюджет

есебінен

4158

2525

1633

 Кентау қаласы әкімдігінің

2017 жылғы _____________

№___ қаулысына 2-қосымша 

Ата-ана төлемақысының мөлшері

Барлығы:

Күніне бір баланың шығыны,

3 жасқа дейін теңге

(көп емес)

Күніне бір баланың шығыны,

3 жастан 7 жасқа дейін теңге

(көп емес)

291,00

357,00

Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.

Кіру немесеТіркелу