Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Кентау қаласының қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтері туралы

Кентау қаласының әкімдігі

ҚАУЛЫ

№__ «__»_______2017 жыл

Кентау қаласының қалалық

және қала маңы қатынастарында

жолаушылар мен багажды тұрақты

автомобиль көлігімен тасымалдау

тарифтері туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 2 тармағына, «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің «Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы» 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Кентау қаласы бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау маршуруттарына мынадай тарифтер белгіленсін:

дағдылы тәртіпте жолаушылар мен багажды қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау – 40 (қырық) теңге;

осы қаулының қосымшасына сәйкес тұрақты әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдарына 200 (екі жүз) теңге.

  1. Кентау қаласының қала маңы маршрутына жолаушылар мен багажды тасымалдауға 1 километрге 5,40 теңге тарифі бекітілсін.

  2. Кентау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 29 тамыздағы №318  «Жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2815 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 6 қазандағы «Кентау шұғыласы» газетінде жарияланған) қаулысыныңкүші жойылды деп танылсын

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімінің орынбасары Н.Ташимовке жүктелсін.

5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Кентау қаласы әкімінің

міндетін атқарушы Н.Ташимов

«КЕЛІСІЛДІ»

Кентау қалалық

мәслихатының хатшысы Т.Балабиев

«__»_______ 2017 жыл



Кентау қаласы әкімдігінің

«__»______2017 жылғы

№___ қаулысына қосымша







Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері



№ р/р

Маршруттың атауы

Қашықтық (км)

Жол жүру құны

1

Кентау - Ащысай

56

200

 
 

Кіру немесеТіркелу