Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ

 

№103                                                                                    «15» сәуір 2015жыл

 

 

Жұмыс орындарының жалпы

санының үш проценті мөлшерінде

мүгедектер үшін жұмыс орындарына

квота белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 1.      Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшеріндемүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
  2. 2. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны Кентау қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2) осы қаулыны Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімінің орынбасары Е.Бектаевқа жүктелсін.
  2. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Кентау қаласының әкімі                                         Ә.Мақұлбаев

 

 

ОҚО Әділет департаментімен

14.05.2015 жылы №3178

болып тіркелді.

Кіру немесеТіркелу