Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

ЖОБА

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ

№__                                                                                      «__»______2015 жыл

Кентау қаласы әкімдігінің

«Кентау қалалық ветеринария

бөлімі» мемлекеттік мекемесі

туралы ережені бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңынажәне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығынасәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 1. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралыережеосы қаулыныңқосымшасынасәйкес бекітілсін.
  2. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімінің орынбасары А.Ауелбековке  жүктелсін.
  3. 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енігізіледі.

         Кентау қаласы әкімінің

         міндетін атқарушы                                                  Н.Ташимов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

Кентауқаласы әкімдігінің

«__»_____2015 жылғы

№__ қаулысына қосымша

 

Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

  1. 1. Жалпы ережелер
  2. 1. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  3. 2. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомствосы жоқ.
  4. 3. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясынажәне заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтікқұқықтық актілерге, сондай-ақ осыЕрежеге сәйкес жүзегеасырады.
  5. 4. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  6. 5. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтыққатынастарға өзатынан түседі.
  7. 6. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардыңтарапы болуға құқығы бар.
  8. 7. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  9. 8. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  10. 9. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы, А.Яссауидаңғылы, №85 үй, индекс 160400.
  11. 10. Мемлекеттік органның толық атауы – Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  12. 11. ОсыЕрежеКентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  13. 12. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  14. 13. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2

  1. 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

  1. 14. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
  2. 15. Міндеттері:

Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеті халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау.

  1. 16. Функциялары:

1) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнінде қала әкімдігінің ұсынысын әзірлеу;

2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;

3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;

4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

5) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

6) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;

7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;

8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;

9) қала аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша сәйкес карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы қала әкімдігінің қаулысые әзірлеу;

10) қала аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралықала әкімдігінің қаулысын әзірлеу;

11) қала әкімдігіне бекіту үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін ұсыну;

12) қала аумағында жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

13) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;

14) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;

15) ішкі сауда объектілерінде Қазақстан Республикасындағы ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

3

16) мал қорымдары (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

17) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;

18) қала аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

19) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;

20) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

21) ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну үшін ақпарат дайындау;

22) облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну үшін ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау;

23) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы есем ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар дайындау;

24) облыстың жергілікті атқарушы органына қала әкімдігімен ұсыну үшін профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар дайындау;

25) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;

26) облыстың жергілікті атқарушы органына қала әкімдігімен ұсыну үшін қаланың аумағында ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар дайындау;

27) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;

28) ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу;

29) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.

  1. 17. Құқықтары мен міндеттері:

1) жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, қала әкімдігінің отырыстарына қатысады;

2) Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекеме қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді;

3) Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осыЕрежегесәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

 

4

 

  1. 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
  1. 18. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. 19. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын, Кентау қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. 20. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  4. 21. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемеcінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;

2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;

3) сенімхаттар береді;

4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;

5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;

6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы»Заңыныңсақталуын бақылауды жүзеге асырады;

8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.

Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. 22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

  1. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
  1. 23. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. 24. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. 25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

5

  1. 26. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

1) Кентау қалалық ветеринария бөлімінің «Кентау қалалық ветеринария қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Кіру немесеТіркелу