Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы

ЖОБА

Кентау қаласы әкімдігі

ҚАУЛЫ

 

№__                                                                        «___»______2013 жыл.

 

 

 

 

 

 

Қылмыстық - атқару инспекциясы

пробация қызметiнiң есебiнде тұрған

адамдар үшiн, сондай-ақ бас

бостандығынан айыру орындарынан

босатылған адамдар және интернаттық

ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке

толмағандар үшiн жұмыс орындарына

квота белгiлеу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-3) тармақшасына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. 1. Қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарының жалпы санының бiр пайызы мөлшерiнде квота белгiленсiн.
  2. 2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкiмiнiң орынбасары Е.Бектаевқа жүктелсiн.
  3. 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Кентау қаласының әкімі                                Б.Байсалов

Кіру немесеТіркелу