Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

ЖОБА

 

Кентау қаласы әкімдігі

ҚАУЛЫ

№__                                                                                     «__» ______ 2015ж.

 

 

 

 

 

 

Кентау қаласы әкімдігінің

«Кентау қалалық кәсіпкерлік

және туризм бөлімі» мемлекеттік

мекемесі туралы ережені

бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 1. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесітуралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Бектаевқа жүктелсін.
  3. 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастапқолданысқа енгізіледі.

Кентау қаласының әкімі                                          Ә.Мақұлбаев

1

 

Кентау қаласы әкімдігінің

«__»_____2015 жылғы

№__ қаулысымен бекітілген

 

 

Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық кәсіпкерлік және

туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

  1. 1. Жалпы ережелер
  1. 1. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік, өнеркәсіп, сауда, сыртқы экономикалық байланыс және туризм салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. 2. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.       
  3. 3. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. 4. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. 5. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. 6. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. 7. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен  Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. 8. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

2

  1. 9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы, А.Яссауи даңғылы, №85 үй, индекс 160400.
  2. 10. Мемлекеттік органның толық атауы – Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі.        
  3. 11. Осы Ереже Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  4. 12. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  5. 13. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. 2. Мемлекеттік органның миссиясы,  негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. 14. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: кәсіпкерлік, өнеркәсіп, сауда,  сыртқы экономикалық байланыс және туризмсалаларындағы  мемлекеттік  саясатты жүзеге асыру.
  2. 15.  Міндеттері:

1) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;

2) сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз ету;

3) туристік қызметінің үйлестіру жұмысын жүргізу.

  1. 16.  Функциялары:

1) Қазақстан Республикасын индустриялық - инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру;

2) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асыру;

3) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасау;

4) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз ету;

5) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер

3

палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектiлерiмен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;

6) сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастыру;

7) жергiлiктi деңгейде жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз ету;

8) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;

9) қаланың даму бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында, шет ел әріптестерімен қарым-қатынастарды дамыту, экономиканың нақты секторына және әлеуметтік салаға инвестиция тарту жұмыстарын ұйымдастыру;

10) Қазақстан Республикасының шет ел елшіліктері арқылы шет ел инвесторларын қаланың өндірістік әлеуетімен таныстыру мақсатында, халықаралық форумдар мен көрмелерге жергілікті тауар өндірушілерінің қатысуын қамтамасыз ету; 

11) сыртқы экономикалық байланыстарды  дамыту жұмыстарын жүргізу;

12) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз ету;

13) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес қала рыноктарының санаттарын беру;

14) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асыру;

15) қала аумағында сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлеу;

16)  халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төменгi нормативтерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу;

17) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төменгi нормативiне қол жеткiзу жөнiнде шаралар әзiрлеу және iске асыру;

18) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;

19) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

20) қала  аумағында белгіленбеген орындарда сауда жасаған тұлғаларға орын алған кемшіліктер бойынша ескерту және түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

21) өз құзырет шегінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 202, 204 баптарына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтыру;

22) қала аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру;

23) қалааумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асыру және оны облыстық жергілікті атқарушы органына беру;

24) қалалық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу;

4

25) қала аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіру;                    

26) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсету;

27) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру;                     

28) қаладағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізу;

29) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

  1. 17. Құқықтары мен міндеттері: 

1)жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, қала әкімдігінің отырыстарына қатысады;

2) Кентау қаласы әкімдігінің«Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекеме қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді;

3) Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

  1. 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
  1. 18. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. 19. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын  қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен  босатады.                                                                                         
  3. 20. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.
  4. 21. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  бірінші басшысының өкілеттігі:

1)мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;

2)мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;

3)сенімхаттар береді;

4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;

5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;

5

6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

9)Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.

Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

  1. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
  1. 22. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған  мүлкі болу мүмкін.

Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі  оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған  мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. 23. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлігі  коммуналдық меншікке жатады.
  2. 24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және  тарату

 

  1. 25. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Кіру немесеТіркелу