Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Кентау қаласының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

(ЖОБА)

 

 

 

  Кентау қаласының аумағында

  пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы

  мақсатындағы жерге жер салығының

  базалық мөлшерлемесін және бірыңғай жер

  салығының мөлшерлемелерін

  жоғарылату туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 386 бабының 5 тармағына, 444 бабының 1 тармағына және  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, Кентау қаласының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесі және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қалалық мәслихат

сессиясының төрағасы                                             С. Абдрахманов

Қалалық мәслихат

хатшысы                                                                    Т. Балабиев

                               

Кіру немесеТіркелу