Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

«Б» корпусындағы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Кентау қаласы әкімі аппараты мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

ЖОБА

 

Кентау қаласы әкімдігінің

                                                         ҚАУЛЫСЫ

№____                                                                                 «___»_____2016 жыл                                      

 

 

«Б» корпусындағы жергілікті

бюджеттен қаржыландырылатын

атқарушы органдардың мемлекеттік

әкімшілік қызметшілері мен Кентау қаласы

әкімі аппараты мемлекеттік әкімшілік

қызметшілерінің қызметін бағалаудың

әдістемесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» №13 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3195 тіркелген, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 1. «Б» корпусындағы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Кентау қаласы әкімі аппараты мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. 2. «Кентау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны Кентау қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2) осы қаулыны Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы Б.Алимбетовке жүктелсін.
  2. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Кентау қаласының әкімі                                         Ә.Мақұлбаев

Кентау қаласы әкімдігінің

          2016 жылғы «__» мамырдағы

          №___ қаулысына қосымша

«Б» корпусындағы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын

атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен

Кентау қаласы әкімі аппараты мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің

қызметін бағалаудың әдістемесі

 

  1. 1. Жалпы ережелер
  1. 1. Осы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және«Б» корпусындағы Кентау қаласы әкімі аппаратының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.
  2. 2. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.
  3. 3. Бағалау «Б» корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:

1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);

2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.

«Б» корпусының қызметшісін бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда өткізілмейді.

Әлеуметтік демалыстағы «Б» корпусының қызметшілері бағалауды жұмысқа шыққаннан кейін осы Әдістеменің осы тармағында көрсетілген мерзімде өтеді.

  1. 4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және «Б» корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.

«Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес бағынатын тұлға болып табылады.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларыүшін бағалау қала әкімі немесе оның уәкілеттік беруімен оның орынбасарларының бірімен өткізілуі мүмкін.

  1. 5. Жылдық бағалау:

1) «Б» корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;

2) «Б» корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан;

3) айналмалы бағалаудан құралады.

  1. 6. «Б» корпусы қызметшісінің қызметін бағалауды өткізу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152Жарлығыменбекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу қағидалары мен мерзімінде айқындалған тәртіп бойынша Бағалау жөніндегі комиссия құрылады, персоналды басқару қызметі оның жұмыс органы болып табылады.

7.Бағалау жөніндегікомиссияның мәжілісі оның құрамының үштен екісінен астамы қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.

Комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру комиссияны құру туралы өкімге өзгертулер енгізу арқылы жүзеге асырылады.

  1. 8. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
  2. 9. Дауыс беру қорытындысы комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Комиссияның хатшысы болып персоналды басқару қызметінің қызметшісі табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

  1. 2. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру
  1.    10. «Б» корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары «Б» корпусы қызметшісімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың бірінші қаңтарынан кешіктірмей осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрастырылады.
  2. 11. «Б» корпусының қызметшісін лауазымға осы Әдістеменің
    10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы «Б» корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.
  3. 12. «Б» корпусның қызметшісі жұмысының жеке жоспарына:

1) «Б» корпусының қызметшісі туралы дербес деректерді (Т.А.Ә. (болған жағдайда), атқаратын лауазымы, «Б» корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімшесінің атауы);

2) мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда оның функционалдық міндеттеріне сәйкес «Б» корпусы қызметшісінің жұмыс іс-шараларының атауы кіреді.

Іс-шаралар қолжетімді, іске асатын, «Б» корпусы қызметшісі жұмысының функционалды бағытымен байланысады, нақты аяқтау нысанына ие болады.

Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік органның салыстыруында анықталады.

3) «Б» корпусы қызметшісінің және оның тікелей басшысының қолдары, жеке жоспарға қол қою күнін қамтиды.

  1. 13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана персоналды басқару қызметіне беріледі. Екінші дана «Б» корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімше басшысында болады.

 

  1. 3. Бағалауды жүргізуге дайындық
  1. 14. Персоналды басқару қызметі комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады.

Персоналды басқару қызметі бағалауға жататын «Б» корпусы қызметшісін және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау туралы уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.

  1. 4. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау
  1. 15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл баллдарынан құралады.
  2. 16. Негізгі баллдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.
  3. 17. Көтермелеу баллдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.
  4. 18. Көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлері мемлекеттік органдармен өз ерекшеліктеріне сүйеніп белгіленеді және атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделігінің қосу тәртібімен бес деңгейлік шкала бойынша орналасады. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интернет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.

Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшыдан бекітілген шкалаға сәйкес «+1»-ден «+5» баллға дейін иеленеді.

  1. 19. Айыппұл баллдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.
  2. 20. Орындау тәртібін бұзуға:

1) жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік орган басшылығының, тікелей басшының тапсырмаларын және бақылаудағы құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу;

2) тапсырмаларды және бақылаудағы құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапасыз орындау жатады.

  1. 21. Еңбек тәртібін бұзуға:

1) дәлелді себепсіз жұмыста болмауы;

2) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;

3) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады.

Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың қайнары ретінде персоналды басқару қызметі, «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы, облыстық жергілікті атқарушы органдары әдеп жөніндегі уәкілінің құжатпен дәлелденген мәліметі болады.

  1. 22. Әр орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін «Б» корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін «-2» мөлшерінде айыппұл баллдары қойылады.
  2. 23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін жібереді.
  3. 24. Тікелей басшы «Б» корпусы қызметшісінің еңбек тәртібін бұзғаны туралы персоналды басқару қызметі және облыстық  жергілікті атқарушы органдары әдеп жөніндегі уәкілінің берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.
  4. 25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағы «Б» корпусы қызметшісімен расталады.

«Б» корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің жұмыскері және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.

  1. 5. Жеке жұмыс жоспарын орындауды бағалау
  1. 26. Жылдық бағалауды өткізу үшін «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын жолдайды.
  2. 27. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету еңгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.
  3. 28. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын «Б» корпусының қызметшісі растайды.

«Б» корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің жұмыскері және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.

  1. 6. Айналмалы бағалау
  1. 29. Айналмалы бағалау:

1) тікелей басшыны;

2) «Б» корпусы қызметшісіне бағыныштыларды;

3) тікелей бағыныштылар болмаған жағдайда – «Б» корпусының қызметшісі жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымдарды атқаратын тұлғаларды (олар болған жағдайда) бағалау болып табылады.

  1. 30. Осы Әдістеменің 29-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың тізімін (үштен аспайтын) «Б» корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару қызметі бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
  2. 31. Осы Әдістеменің 29-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
    42. Осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.
  1. 9. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
  1. 43.Бағалау жөніндегікомиссия шешіміне «Б» корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
  2. 44. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті «Б» корпусы қызметшісінен шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
  3. 45. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.
  4. 46. «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.
  1. 10. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау
  1. 47. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.
  2. 48. Бонустар «өте жақсы» және «тиімді» бағалау нәтижелері бар «Б» корпусы қызметшілеріне төленеді.
  3. 49. «Б» корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша «Б» корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.

«Б» корпусының қызметшісі комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті жоғарылату курстарына жіберіледі.

  1. 50. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған «Б» корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлемгер ретінде бекітілмейді.
  2. 51. «Б» корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша «қанағаттанарлықсыз» мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, «Б» корпусының қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.
  3. 52. «Б» корпусының қызметшілерін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

«Б» корпусындағы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Кентау қаласы әкімі аппараты мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне

1 қосымша

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс

жоспары жыл (жеке жоспар құрастырылатын кезең)

 

Қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда):

_______________________________________________________

Қызметшінің лауазымы: _______________________________________________________

Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: _______________________________________________________

р/с

Шаралардың аталуы*

Іс-шараның нәтижесі

1.

Іс-шара

 

2.

Іс-шара

 

3.

Іс-шара

 

4.

...

 

Ескертпе:

* - шаралар мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік органға сәйкес келуі тиіс.

Қызметші

Т.А.Ә.(болған жағдайда)

____________

күні_____________________________

қолы ____________________________

Тікелейбасшы

Т.А.Ә.(болғанжағдайда)

___________

күні_____________________________

қолы____________________________

 

«Б» корпусындағы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Кентау қаласы әкімі аппараты мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 2 қосымша

Бағалау парағы

_______________тоқсан_____жыл

(бағаланатын кезең)

Қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда):

___________________________________________________________

Қызметшінің лауазымы: ___________________________________________________________

Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ___________________________________________________________

___________________________________________________________

Лауазымдықміндеттердіорындаубағасы:

№ р/с

Қызметшінің өзін-өзі бағалауы

Тікелей басшының бағалауы

Ескерту

 

Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер

   

1.

               

2.

               

3.

               

....

Өзін-өзі бағалау нәтижесі:

Бағалау нәтижесі:

   
                 
 

Қызметші

Т.А.Ә.(болған жағдайда)

______________

күні __________________________________

қолы_______________________________

Тікелейбасшы

Т.А.Ә.(болған жағдайда)

_____________

күні _________________________________

қолы ____________________________

                     

«Б» корпусындағы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Кентау қаласы әкімі аппараты мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 3 қосымша

Бағалау парағы

__________ жыл

(бағаланатын жыл)

Қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда):

___________________________________________________________

Қызметшінің лауазымы: ___________________________________________________________

Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ___________________________________________________________

Жеке жоспарды орындау бағасы:

№ р/с

Аталуы

Маңызы

Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері

Басшының бағалау нәтижелері

Ескерту

1.

Іс-шара

2-ден 5 кедейін

     

2.

Іс-шара

2-ден 5 кедейін

     

3.

Іс-шара

2-ден 5 кедейін

     

4.

...

       

Қызметші

Т.А.Ә.(болған жағдайда)_________________

күні ________________________________

қолы___________________________

Тікелей басшы

Т.А.Ә.(болған жағдайда)______________

күні

__________________________

қолы _____________________

             

«Б» корпусындағы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Кентау қаласы әкімі аппараты мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 4 қосымша

Айналмалы бағалау нәтижелері

__________ жыл

(бағаланатын жыл)

Қызметшінің бағалантын Т.А.Ә. (болған жағдайда):

___________________________________________________________
Қызметшінің лауазымы: ___________________________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ___________________________________________________________

№ р/с

Құзыреттің аталуы

Маңызы

Баға

(балл)

Тікелей басшы

1.

Бастамашылығы

2-ден 5 кедейін

 

2.

Әрекеттестікке икемділігі

2-ден 5 кедейін

 

3.

Қызметтік этиканы сақтау

2-ден 5 кедейін

 
 

БАРЛЫҒЫ:

   

Бағынышты адам

1.

Жұмысты жоспарлай білу

2-ден 5 кедейін

 

2.

Жұмысқа негіздей білу

2-ден 5 кедейін

 

3.

Қызметтік этиканы сақтау

2-ден 5 кедейін

 
 

БАРЛЫҒЫ:

   

Әріптесі

1.

Топта жұмыс істей білу

2-ден 5 кедейін

 

2.

Қызметтік этиканы сақтау

2-ден 5 кедейін

 
 

БАРЛЫҒЫ:

   

«Б» корпусындағы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Кентау қаласы әкімі аппараты мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 5 қосымша

 

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

______________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

____________________________________________________________________

(бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең

(тоқсан және (немесе) жыл)

Бағалау нәтижелері


р/с

Қызметшілердің Т.А.Ә.

(болған жағдайда)

Бағалау нәтижелері туралы мәлімет

Бағалау қорытындысын комиссиямен түзетуі

(болған жағдайда)

Комиссияның ұсыныстары

1.

       

2.

       

...

       

Комиссия қорытындысы:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Тексерген:

Комиссия хатшысы: ______________________ Күні: ____________

(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

Комиссия төрағасы: ______________________  Күні: ____________

(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

Комиссия мүшесі: ________________________ Күні: ____________

(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

Кіру немесеТіркелу