Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Кентау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы

ЖОБА

КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫ

ШЕШІМ

№___                                                                                            «__»_______2016ж.

Кентау қаласының әлеуметтік

көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін

белгілеудің және мұқтаж азаматтардың

жекелеген санаттарының тізбесін

айқындаудың қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудін, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Кентау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы бекітілсін.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қалалық  мәслихат

сессиясының төрағасы                                                 С. Абдрахманов

 

Қалалық мәслихатының хатшысы                              Т. Балабиев           


Кентау қалалық мәслихатының «__»_____2016 жылғы №___ шешімімен бекітілген

Кентау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы

1. Осы Кентау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудін, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудін, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

2. Әлеуметтік көмек Кентау қаласының аумағында тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетіледі.

1. Жалпы ережелер

3. Осы қағидада қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Кентау қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

3) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

6) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;

7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын қаладағы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;

9) уәкілетті ұйым – «Қазақстан Республикасы Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

4. Осы қағиданың мақсаты үшін әлеуметтік көмек ретінде Кентау қаласы әкімдігінің мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

5. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидада көзделген тәртіппен көрсетіледі.

6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

7. Әлеуметтік көмек мынадай мереке күндеріне ұсынылады:

1) 8 Наурыз "Халықаралық әйелдер күніне" - «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға, біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2) 21-23 наурыз «Наурыз мейрамы» -Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, атап айтқанда:

- бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

3) Жаңа жыл мерекесіне – қамқорлықтағы мүгедек балаларға, біржолғы 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

4) 7 мамыр «Отан қорғаушы күніне» орай, атап айтқанда:

- Бұрынғы КСР одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан – Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары(әскери мамандар менкеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген  автомобиль батальондарының әскери қызметшілері, бұрынғы КСР одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

- 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы обьектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға: біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

- Чернобыль  АЭС –індегі аппаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы обьектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың , ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар,сондай-ақ ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

5) 9 мамыр «Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне» орай:

- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, біржолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

 - «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен әрi «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтарға, біржолғы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

- екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, біржолғы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

 - Ұлы Отан соғысы жылдары қайтыс болған әскери қызметкердің ата-анасы, қайталап некеге отырмаған зайыбына(жұбайы), біржолғы 10 айлық есептік көрсеткіш;

- Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың астыртын күрес жүргізген адамдардың «Ленинград қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен  наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулері), біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

-  әскери міндетін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына  немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери міндетін орындауына байланысты,  біржолғы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

- бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге,  біржолғы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық  еңбегi және  мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарімен наградталған адамдар сондай-ақ , 1988-1989 Чернобыль  АЭС –індегі аппаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшалау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі бекітетін ережелері негізінде жүзеге асырады:

Арнайы және учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді орталық атқарушы орган бекітеді.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

9. Әлеуметтік көмек мынадай санаттағы азаматтарға ұсынылады:

1) 80 жастан асқан жалғызілікті қарт  азаматтарға, ай сайын бір айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

2) жеке оңалту бағдарламасы бойынша мұқтаж мүгедектерге қол арбамен қамтамасыз етуге, бiржолғы:

         - серуендеуге арналған қол арбаға  50 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;               

- бөлмеге арналған қол арбаға 25 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;                

- жасөспiрiмдерге және мүгедек балаларға 25 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

3) Адамның Имун тапшылығының вирусы жұқтыру немесе ЖИТС ауыруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық көрсету саласы қызметкерлерінің өз міндетін тиісінше орындамауы салдарынан болған адамдардың өз өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянға ай сайын  21,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

4)  үйде оқып және тәрбиеленіп жатқан мүгедек балаларға ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

         5) туберкулез ауруына шалдыққан адамдарға және созылмалы бүйрек жетімсіздігі  ауруына шалдыққан мұқтаж азаматтарға  әр тоқсанға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

         6) басылымдарға жазылу үшін- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне біржолғы 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендерге 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы  еңбегi және  мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдарға біржолғы -1 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

          7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға, зейнет жасындағы мүгедектерге санаторлы курорттық емделуге жолдама алу үшін біржолғы- 42,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

10. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Оңтүстік қазақстан облысы әкімдігінің келісімі бойынша бірынғай мөлшерде белгіленеді.

11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия осы қағидада белгіленген шегінде айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қортындыда көрсетеді.

 

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Кентау қаласы әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

1) жеке басын куәландыратын құжаты;

2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаты;

3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларға (одан әрі – Үлгілік қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатын ұсынады.

14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл әкіміне жібереді.

Ауыл әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Осы қағиданың 17 және 18-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

23. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.

24. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін қалалық мәслихат белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

25. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Кентау қаласының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

26. Әлеуметтік көмек:

1) алушы қайтыс болған;

2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

27. Артық төленген соммалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

28. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Кіру немесеТіркелу