Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Кентау қаласындағы стационарлық емес сауда орындарын бекіту туралы

ЖОБА

Кентау қаласының  әкімдігі

Қаулы

 

№____                                                                                  «___»_____2016 ж

Кентау қаласындағы

стационарлық емес сауда орындарын

бекіту  туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 
23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1- тармағының, 4-2) тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8,12 баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурызындағы №264 бұйрығымен бекітілген «Ішкі сауда қағидаларының» 50-1 тармағына сәйкес Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1.    Сауда қызметін реттеу үшін Кентау қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының   қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Кентау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1)  осы қаулыны Кентау қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2) осы қаулыны Кентау қаласы әкімдігінің интернет ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1.  Осы қаулының орындалуына бақылау қала әкiмiнiң орынбасары 
    Н.Ташимовқа жүктелсiн.
  2.  Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қала әкімі                                                                  Ә.Мақұлбаев

Кентау   қаласы әкімдігінің 2016 жылғы______желтоқсандағы №_____қаулысына қосымша

Кентау  қаласында стационарлық емес  сауданы жүзеге асыру орындарының тізбесі

Орналасқан жері

1

Кентау қаласы Төле би көшесі №56 көп қабатты тұрғын үйдің ауласы

2

Кентау қаласы Төле би көшесі №48  көп қабатты тұрғын үйдің ауласы

3

Кентау қаласы Төле би көшесі №42  көп қабатты тұрғын үйдің ауласы

4

Кентау қаласы Абылайхан көшесі №47, №45  көп қабатты тұрғын үйлердің ауласы

5

Кентау қаласы Жамбыл көшесі №29 көп қабатты тұрғын үйдің ауласы

6

Кентау қаласы Абылайхан көшесі №34 көп қабатты тұрғын үйдің ауласы

7

Кентау қаласы Гагарин көшесі №29  көп қабатты тұрғын үйдің ауласы

8

Кентау қаласы С.Сейфуллин көшесі №105  көп қабатты тұрғын үйдің ауласы

9

Кентау қаласы Әл-фараби көшесі №114  көп қабатты тұрғын үйдің ауласы

10

Кентау қаласы Панфилов көшесі №37  көп қабатты тұрғын үйдің ауласы

11

Кентау қаласы С.Сейфуллин көшесі №92  көп қабатты тұрғын үйдің ауласы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         

Кіру немесеТіркелу