Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Кентау қаласы бойынша аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары, индекстері және тізбесін бекіту туралы

Жоба

 

Кентау қаласы әкімдігінің

                                                       ҚАУЛЫСЫ

 

Кентау қаласы                               №____                         «____»_____ 2017 жыл.                              

 

Кентау қаласы бойынша аудандық маңызы

бар жалпыға  ортақ пайдаланылатын

автомобиль жолдарының атаулары,

индекстері және тізбесін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 6 бабының 2 тармағына және 3 бабының 7 тармағына сәйкес, аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын пайдалану және жөндеуді қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кентау қаласы бойынша  аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын  автомобиль  жолдарының атаулары, индекстері және тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес         бекітілсін.
      2.  Қала әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен, осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала  әкімінің орынбасары Н.Ташимовқа жүктелсін.
 

 

Қала әкімі                                  Ә.Мақұлбаев   

 

                    «Келісілді»

           Облыстық жолаушылар көлігі және

          автомобиль жолдары басқармасының

          басшысы_______________ Н.Байғұт

          201   жылғы «__» ___________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысы                                                                                                    Кентау қаласы әкімдігінің

«__»____2017 жылғы №___

                                                                                               қаулысына қосымша

 

 

Кентау қаласы бойынша аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары, индекстері және тізбесі

 

К/с

Автомобиль жолдарының индексі

Автомобиль жолдарының атауы

Автомобиль жолдарының мекенжайы, шақырым

Жалпы ұзындығы шақырым

1

2

3

4

5

1

KXKT-1

KT-1 Кентау Байылдыр

0-8,0

8,0

2

KXKT-2

KT-2 Кентау Қантағы

0-6,95

6,95

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының аудандық маңызы бар жолдарының барлығы;

14,95

 

 

 

 

 

Кентау қалалық тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылығы, жолаушылар көлігі

және автомобиль жолдары

бөлімінің  басшысы  м.а                                                               Қ.Тулепбергенов

Кіру немесеТіркелу