Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

ЖОБА

Кентау қаласының әкімдігі

ҚАУЛЫ

№___«__»_________2017ж

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға

мемлекеттік білім беру тапсырысын,

жан басына шаққандағы қаржыландыру

және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін

бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

2. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Кентау қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 26 тамыздағы №437 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3850 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 қазанда №39 «Кентау шұғыласы» газетінде жарияланған жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасары Р.Мыңбаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.


Кентау қаласының әкімі Ә.Мақұлбаев

Кентау қаласы әкiмдiгiнiң «__»____2017 жылғы №___ қаулысына 1-қосымша



Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы



Қала атауы

Мектепке дейiнгiмекемелердегiорын саны

Оның iшiнде

республикалық бюджет есебiнен

жергiлiктi бюджет есебiнен

1

Кентау қаласы

4158

2525

1633

      

Кентау қаласы әкiмдiгiнiң «__»____2017 жылғы №___ қаулысына 2-қосымша



Жан басына шаққандағы қаржыландырудың мөлшерi

Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге

Бөбекжай-балабақша

Мектеп жанындағы шағын орталық

20544,15

16826

Ғимаратты жалға алып отырған бөбекжай-балабақшалар үшін

 

22685,14

 

      

Кентау қаласы әкiмдiгiнiң «__»____2017 жылғы №___ қаулысына 3-қосымша

Ата-ананың ақы төлеу мөлшерi

Барлығы

3 жасқа дейінгі күнiне бiр баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)

3-7 жас аралығындағы күнiне бiр баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)

291,00

357,00

      

Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.

Кіру немесеТіркелу