Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі қысқа мерзімді жоспарын бекіту туралы

Жоба

Кентау қалалық мәслихаты

ШЕШІМ

№«»2017ж.

Жайылымдарды басқару және

оларды пайдалану жөніндегі

қысқа мерзімді жоспарын бекіту

туралы

Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» 2017 жылғы 20 ақпандағы № 47-VІ ҚРЗзаңының 8-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі №173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №4088 тiркелген) сәйкес,Кентау қалалық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Кентау қаласы және оған қарасты ауылдар бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі қысқа мерзімді жоспар осы шешімнің №1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

2. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі қысқа мерзімді жоспарды ауылдық округ әкімдері өздерінің интернет-ресурстарына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Ауылдық округ әкімдері жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі қысқа мерзімді жоспарды іске асыру қорытындылары туралы жыл сайынғы есептерді тиісті аумақтарда таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қалалық мәслихат

ессиясының төрағасы

Қалалық мәслихат хатшысы     

Кіру немесеТіркелу