Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Кентау шешімі

ЖОБА

 

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

ШЕШІМ

№_____                                                                   «___»___________ 2018 жыл.

Кентау қаласының аумағында

сайлау учаскелерін құру туралы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының  1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1 тармағына сәйкес сайлаушыларға барынша қолайлық туғызу мақсатында, жергілікті және өзге де жағдаяттар ескеріле отырып Кентау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 1. Кентау қаласының аумағында сайлауды ұйымдастыру және өткізу үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
  2. 2. «Кентау қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;         

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Кентау қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. 3. Кентау қаласы әкімінің 2011 жылғы 3 қазандағы №9 «Кентау қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №14-3-117 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 19 қарашадағы «Кентау шұғыласы» газетінде жарияланған),  Кентау қаласы әкімінің 2017 жылғы 19 маусымдағы №3 «Кентау қаласы әкімінің 2011 жылғы 3 қазандағы №9 «Кентау қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №4144 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 15 шілдедегі «Кентау шұғыласы» газетінде жарияланған) және Кентау қаласы әкімінің 2018 жылғы 2 ақпандағы №1 «Кентау қаласы әкімінің 2011 жылғы 3 қазандағы №9 «Кентау қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №4458 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 3 наурыздағы «Кентау шұғыласы» газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  2. 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы С.Дауылбаевқа жүктелсін.
  3. 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Кентау қаласының әкімі                                           Ә.Мақұлбаев

            «КЕЛІСІЛДІ»
 Кентау қалалық аумақтық
 сайлау комиссиясының төрағасы
 ____________________Б.Садуов

 « ____»   ___________2018 жыл                                                                                       

Кіру немесеТіркелу