Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Кентау түсіндірме

«Кентау қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы»

Кентау қаласы әкімінің шешім жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

Түсіндірме жазбада қамтылатын мәліметтердің тізімі

Әзірлеуші мемлекеттік органның мәліметі

1.       

Мемлекеттік орган – жобаны әзірлеуші

Кентау қаласы әкімі аппараты

2.       

Актіні қабылдау қажеттілігінің негізі

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1 тармағына сәйкес сайлаушыларға барынша қолайлылық туғызу мақсатында.

3.       

Акті қабылданған жағдайда оның әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық болжамды нәтижелері

Жергiлiктi және өзге де жағдаяттар ескеріле отырып, сайлаушыларға барынша қолайлылық туғызу.

4.       

Жобаны іске асыруға байланысты, қаржы шығындарының болжамы

Жобаны іске асыруға байланысты, қаржы шығындары қажет етілмейді.

5.       

Нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субьектілері шығындарының азаюы немесе ұлғаюы

Нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субьектілері шығындарының азаюына немесе ұлғаюына әкеліп соқпайды. 

6.       

Жобаны қабылдау болжамды тиімділігі, күтілген нәтижелерінің уақыты және нақты мақсаттары

Сайлау учаскелері құрылып, олардың шекаралары бекітіледі.

7.       

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған Кентау қаласы әкімдігінің актілері және оның іске асыру нәтижелері

Кентау қаласы әкімінің 2011 жылғы 3 қазандағы №9 «Кентау қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №14-3-117 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 19 қарашадағы «Кентау шұғыласы» газетінде жарияланған),  Кентау қаласы әкімінің 2017 жылғы 19 маусымдағы №3 «Кентау қаласы әкімінің 2011 жылғы 3 қазандағы №9 «Кентау қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №4144 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 15 шілдедегі «Кентау шұғыласы» газетінде жарияланған) және Кентау қаласы әкімінің 2018 жылғы 2 ақпандағы №1 «Кентау қаласы әкімінің 2011 жылғы 3 қазандағы №9 «Кентау қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №4458 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 3 наурыздағы «Кентау шұғыласы» газетінде жарияланған) шешімдері.

8.       

Жобаға сәйкес заңдылықты жетілдіру қажеттілігі

Қажет емес.

9.       

Мекеме басшысының тапсырмасы бойынша басқа мекемелерде қосымша сараптама жүргізу нәтижелері (құқықтық, экономикалық, қаржылық және т.б.)

Қажет емес.

10.   

Басқа мәліметтер

Кентау қаласы әкімінің «Кентау қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешімінің жобасы Кентау қаласы әкімдігінің             e-kent.gov.kz  интернет ресурсында жарияланған.

 

 

 

Кентау қаласы әкімі аппараты

басшысының міндетін атқарушы                                                         С.Дауылбаев

 

Кіру немесеТіркелу