Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ

Жоба

 

 

Кентау қаласының әкімдігі

ҚАУЛЫ

 

№____                                                                         «___»________2018 жыл.

«Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз

етуге қатысатын азаматтарды

көтермелеудің түрлерi мен тәртiбiн,

сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының

мөлшерін айқындау туралы»

 

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 3 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Кентау қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. 1. Кентау қаласында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлерi мен тәртiбi осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. 2. Кентау қаласында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  3. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С.Расұлға жүктелсін.
  4. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi.

          Кентау қаласының әкімі                                          Ә.Мақұлбаев

 

                       

                                                                      

«КЕЛIСIЛДI»

 

«Түркістан облысы полиция

 

департаментiнің Кентау қалалық

 

полиция бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң

 

бастығы

 

________________Е.Тасполатов

 

«___» __________ 2018 жыл     

 

 

Кентау қаласы әкімдігінің

«___» ______ 2018 жылғы

№____ қаулысының _1_қосымшасы

 

Кентау қаласында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi

  1. 1. Осы қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң тәртiбi Кентау қаласында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн айқындайды.
  2. 2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тарту Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2004 жылғы 27 қарашадағы № 641 бұйрығымен бекiтiлген Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тарту ережесi, олардың нысандары мен түрлерiне сәйкес (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3326 тiркелген) жүзеге асырылады.
  3. 3. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн қала әкiмдiгi құратын Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi қалалық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.
  4. 4. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға «Түркістан облысы полиция департаментi Кентау қалалық полиция бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – полиция бөлiмi) енгiзедi.
  5. 5. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.
  6. 6. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.
  7. 7. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi:

      1) Кентау қаласының Құрмет грамотасы;

      2) ақшалай сыйақы;    

      3) құнды сыйлық.

  1. 8. Ақшалай сыйақыны төлеу және құнды сыйлықты алу үшiн Комиссия қабылдайтын шешiмге сәйкес, қосымша полиция бөлiмi бастығының бұйрығы шығарылады.
  2. 9. Полиция бөлiмi ақшалай сыйақыны төлеудi және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.
  3. 10. Көтермелеулердi төлеуге қаражат облыстық бюджетте, Түркістан облысының полиция департаментi бюджеттiк бағдарла әкімшісімен көзделедi.
  4. 11. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесi үшiн азаматтарға Түркістан облысы Кентау қаласының Құрмет грамотасын, ақшалай сыйақы, бағалы сыйлықтар берудi полиция бөлiмi салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кентау қаласы әкімдігінің

«___» ______ 2018 жылғы

№____ қаулысының _2_қосымшасы

Кентау қаласында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға ақшалай сыйақының мөлшерi

  1. 1. 10 айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.
          2. Бағасы 10 айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын құнды сыйлық.

Кіру немесеТіркелу