Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

                                                                ЖОБА

Кентау қаласының әкімдігі

ҚАУЛЫ

 

№                                                                                                             «___»________ 2019ж.

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға

мемлекеттік білім беру тапсырысын,

ата-ана төлемақысының мөлшерін

бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының  2-тармағына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 1. Мыналар:

            1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулыға 1-қосымшаға;

            2) ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

  1. 2. Кентау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 13 қарашадағы №309 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4281 тіркелген, 2017 жылғы 29 қарашада «Кентау шұғыласы» газетінде және 2017 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  2. 3. Кентау қаласы әкімінің аппараты заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы қаулының Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Расұлға жүктелсін.
  2. 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қала әкімі                                                                                 Д.Махажанов

Кентау қаласы әкімдігінің

2019 жылғы ____________

№____ қаулысына 1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны

Оның ішінде

республикалық бюджет есебінен

жергілікті бюджет

есебінен

11693

10448

1245

 

 

 

 

 

 

 

Кентау қаласы әкімдігінің

2019 жылғы _____________

№___ қаулысына 2-қосымша

Ата-ана төлемақысының мөлшері

Барлығы:

Күніне бір баланың  шығыны,

3 жасқа дейін теңге

(көп емес)

Күніне бір баланың  шығыны,

3 жастан 7 жасқа дейін теңге

(көп емес)

291,00

357,00

Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.

Кіру немесеТіркелу