Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

ЖОБА

Кентау қалалық мәслихаты

ШЕШІМ

№__                                                                                       «__»______2019 жыл

Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы

мақсатындағы жерлерге жер салығының

базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай

жер салығының мөлшерлемелерін

арттыру туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, 704-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 45-бабының 2-тармағына және  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы»  Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Заңының 50-бабына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есе арттырылсын.
  2.   2. "Кентау қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

          1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

          2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Кентау қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

         4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Кентау қалалық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1.  3. Осы шешімнің алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат

 

      сессиясының төрағасы

 
   

      Қалалық мәслихат хатшысы

 

Кіру немесеТіркелу