Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы

Кентау қаласы әкімдігінің

ҚАУЛЫСЫ

 

№ 318                                                                                  «29» тамыз  2014ж.

 

 

Жолаушылар мен багажды

қалалық  қатынаста

автомобильмен тұрақты

тасымалдаудың бірыңғай

тарифін белгілеу туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-бабының 2-тармағына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 1. Кентау қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі 40 теңге көлемде белгіленсін.
  2. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімінің орынбасары Қ.Қожағұловқа жүктелсін.
  3. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Кентау қаласының әкімі                                                   Ә.Мақұлбаев        

 

                  

«КЕЛІСІЛДІ»

Кентау қалалық

мәслихатының хатшысы                                            К.Сырлыбаев

«26» маусым 2014 жыл       

                                                ОҚО Әділет департаменті

30.09.2014 жылы №2815 болып тіркелді.

Кіру немесеТіркелу