Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Кентау қаласы, С.Байтереков көшесі №2 Б мекенжайында орналасқан Кентау қаласы әкімдігінің «Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы МКҚК директорының негізгі функционалдық бағыттары: Мәдениет үйі, халықтық ұжым, ауылдық  клубтарға басшылық жасап, материалдық-техникалық базасын нығайту, қалалық мәдени ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және оның орындалуын қамтамасыз ету.

Лауазымдық міндеттері: Мәдени-демалыс ұйымдарының қызметтеріне басшылық етеді, шығармашылық, әдістемелік, мәдени-ағартушылық жұмыстарды жүзеге асыруды, жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарды ұйымдастырады. Байқаулар мен фестивальдарды, халық шығармашылығының байқауларын, көркемөнерпаз жетекшілерінің семинарларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді. Көркемөнерпаз ұжымдарының жұмыстарын бақылауды жүзеге асырады, көркемөнерпаздар ұжымын, әртүрлі секцияларды ұйымдастырады, мәдениет сарайы шаруашылығының дамуын және сақталуын қамтамасыз етеді. Білікті мамандарды әдістемелік құралдар, сценарийлер, репертуар жасауға, осы материалдарға пікір жазу және көркемөнерпаздар ұжымына шығармашылық көмектер көрсету жұмыстарына тартады. Мамандарға кәсіби шеберліктерін арттыру үшін жағдайлар жасайды, жұмыскерлердің шығармашылық бастамаларын ынталандырады. Ұйым қызметкерлерінің өндірістік және еңбек тәртіптерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауларын бақылайды.   

Білуі тиіс:

ҚР Конституциясын, Бюджет кодексін, Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, мәдениет және өнер, мәдени-демалыс жұмыстарының нысандары мен әдістері мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдардың актілерін, халық шығармашылығын дамытудың жоспарларын, отандық және шет елдік әдістемелік орталықтар мен көркемөнерпаздар ұйымдарының озық тәжірибелерін негізге ала отырып, жұмыс жүргізуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

«өнер» мамандықтар тобы, «гуманитарлық ғылымдар»  (мәдениеттану) және «қызмет көрсету» (әлеуметтік мәдени қызмет көрсету, мәдени-тынығу жұмысы, кітапхана ісі) мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

Мәдениет мекемелерінде басшылық қызметте 5 жыл еңбек өтілінің болуы.

Кәсіби шеберлігі: басқара білу, жобалау, жоспарлау және персоналдармен жұмыс жасай білу тәжірибесінің болуы.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ  оның кандидатурасын келісу қағидалары» негізінде өткізіледі. 

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  • еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  • білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
  • «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Кандидаттар өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне немесе кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілік арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, осының алдындағы жұмыс орнының басшылығынан  ұсынымдар туралы құжаттардың көшірмелері және т.б. ) беруіне болады.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды: Конкурсқа он сегіз жасқа толмаған, ҚР заңнамаларына сәйкес бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен сотталып, өтелмеген мерзімі бар азаматтар қатыса алмайды.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар мұқабаға салынып, тізілген құжаттардың тізімі болуы тиіс.

Конкурсқа қатысушылар қажетті құжаттарды конкурсты өткізу туралы хабарландыру «Кентау», «Кентау шұғыласы», «Қаратау тәжі»  газеттерінде жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға табыс етуге тиіс: Кентау қаласы, Ясауи даңғылы 85-үй, 4-қабат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі,  анықтама алу үшін телефон: 3-08-84  (факс: 3-53-12).

Конкурс өтетін орны: Кентау қаласы, Ясауи даңғылы 85-үй, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.

Конкурсқа жіберілген үміткерлермен әңгімелесу Кентау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде ҚР заңнамасына сәйкес өткізіледі.

Кіру немесеТіркелу