Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Кентау қаласы Қарашық ауылдық округі Құмтүйін елді мекені Түркістан көшесі №19 ғимаратта орналасқан Қарашық ауылдық округ әкімі аппаратының «Құлыншақ» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның меңгерушісі бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

(Лауазымдық жалақысы: жұмыс өтіліне қарай 130847 теңгеден- 154428 теңгеге дейін)

«Құлыншақ» бөбекжай балабақшасы» МКҚК-ның негізгі функционалдық бағыттары:

Мектепке дейінгі мекеменің білім беру және тәрбие саласындағы және өндірістік-шаруашылық қызметтін жүзеге асыру.

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымының басшысы (меңгерушісі)

     Лауазымдық міндеттері: нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірге белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативті, авторлық), қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.
      Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді. Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыретті меңгерген болуы тиіс.
      Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымын танытады. МДҰ-ның қызметі туралы қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.     

Бiлуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы", Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика және психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

Біліктілікке қойылатын талаптар:  жоғары педагогикалық білім және мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде 5 жылдан, ауылдық жерде 3 жылдан кем болмауы тиіс.

 

 Қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Азаматтық кодексін (Жалпы және Ерекше бөлімдері), ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Неке және отбасы туралы», «Кемтар балаларды  әлеуметтік және медициналық –педагогикалық түзету  арқылы қолдау туралы» Заңдардын және басқа да  білім беруді дамытудың  бағыттары мен келешегін  айқындайтын  нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің  «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары»  туралы 2015 жылғы 02-ақпандағы №70 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №512 бұйрығы негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

      3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

      4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

      6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

      Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

       Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:

      1) он сегіз жасқа толмаған;

      2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен  

          өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысушылар қажетті құжаттарды конкурсты өткізу туралы хабарландыру «Кентау», «Кентау шұғыласы» газеттерінде жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жайға табыс етуге тиіс: Түркістан облысы, Кентау қаласы, Қарашық ауылдық округі Қарашық елді мекені С.Жамалов көшесі №5 ғимараты 2-қабат, 204-кабинет, Кентау қалалық әкімдігінің Қарашық ауылдық округ әкімінің аппаратында қабылданады. Анықтама алу үшін телефон/факс:  4-86-53

    Конкурсқа жіберілген үміткерлермен әңгімелесу Кентау қалалық әкімдігінің Қарашық ауылдық округ әкімінің аппаратында ҚР заңнамасына сәйкес өткізіледі.

Кіру немесеТіркелу