Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Кентау қаласының әкімдігінде «Ашық есік күндері»

Кентау қаласы әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсету бөлімдерінде «Электрондық үкімет» веб-порталының қызметтерін танымал ету мақсатында «Ашық есік күндері» акциясы аясында азаматтар үшін өз есігін ашады.

Іс-шараға қатысушыларға мобильді қосымшалар, телеграмм-бот т.б арқылы қызмет алудың тиімділігін және «Электрондық үкімет» порталында жұмыс жасау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету бөлімдері қызметкерлерінің жұмысы көрсетілетін болады.

Акция төмендегі мекен-жайдағы мекемелерде 2019 жылы 10 шілде күні сағат 10:00-ден кешкі 18:00-ге дейін өтеді.

  1. 1. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі, Кентау қаласы, А.Яссауи даңғылы, №85 әкімшілік ғимараты, 1, 2-қабаттары;
  2. 2. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Кентау қаласы, А.Яссауи даңғылы, №85 әкімшілік ғимараты, 2-қабат;
  3. 3. Қалалық білім бөлімі, Кентау қаласы, А.Яссауи даңғылы, №85 әкімшілік ғимараты, 3-қабат;
  4. 4. Қалалық экономика және қаржы бөлімі, Кентау қаласы, А.Яссауи даңғылы, №85 әкімшілік ғимараты, 3-қабат;
  5. 5. Қалалық ауылшаруашылығы бөлімі, Кентау қаласы, А.Яссауи даңғылы, №85 әкімшілік ғимараты, 3-қабат;
  6. 6. Қалалық спорт және денешынықтыру бөлімі, Кентау қаласы, А.Яссауи даңғылы, №85 әкімшілік ғимараты, 4-қабат;
  7. 7. Қалалық ветеринария бөлімі, Кентау қаласы, А.Яссауи даңғылы, №85 әкімшілік ғимараты, 4-қабат;
  8. 8. Қалалық жер қатынастары бөлімі, Кентау қаласы, Абай даңғылы, №10Г «Кәсіпкерлік мектебі», 2-қабат;
  9. 9. Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі, Кентау қаласы, Абай даңғылы, №10Г «Кәсіпкерлік мектебі», 1, 2-қабаттары;

Кіру немесеТіркелу