Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл ережелері

Материалы

Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл ережелері

Жер сілкінісінің алғашқы түрткісі кезінде
Газды, су мен электрқуатынсөндіріңіз. Егер жерсілкінісінің күші аз болса, онда оны тұрған жеріңізде күткен абзал. Одан едәуір күштірек жерсілкінісі кезінде (түрткікүші бес және одан да жоғары баллды құраса), егер сіз ғимараттың екінші және одан жоғарғы қабаттарында  болсаңыз, ғимараттан шығыңыз. Ішкі қабырғаның, бұрыштың, есік жақтауының қауіпсіз жеріне тұрыңыз, ваннаға жата қалыңыз. Кереуеттің немесе стөлдің астына кіріңіз – олар сізді құлауы мүмкін заттардан және сынықтардан қорғайды. Терезе мен ауыр жиһаздан алыс тұрыңыз. Лифтіні пайдаланбаңыз.
Егер сіз көшеде болсаңыз, ғимараттар мен электр беруші желіден ашық алаңға қарай алыстаңыз, үзілген электр сымдарына жақындамаңыз. Ғимарат жанынан жүгірмеңіз және оларға кірмеңіз.
Егер сіз автомобильде болсаңыз, түрткілер тоқтағанға дейін автомобильден шықпай ашық алаңда қала беріңіз.
Есте сақтаңыз: жерсілкінісі кезінде адам өлімінің сирек кездесетін себебі болып жерқабатының қозғалысы табылады. Жерсілкінісі кезіндегі қайғылы оқиғалардың басты себептері болып табылатындар:
     • ғимараттың жекелеген бөліктерінің сынуы;
     • сынған шынылардың құлауы;
     • үзілген электр сымдары;
     • пәтердегі ауыр заттардың құлауы;
     • өрт;

Жерсілкінісінен кейін:
Қажет жандарға медициналық көмек көрсетіңіз.
Қатерге шалдыққандарды қоқыстанарылтыңыз, егер ол үшін қосымша жасақтауды талап етпе се.
Радио қабылдағышты қосыңыз.
Мүмкіндігіңізше су құбыры мен газды тоқтатыңыз және энергия жабдықтаушыны сөндіріңіз.
Ашық отты пайдаланбаңыз.
Жерсілкінісі кезінде өзіңіз болған ғимараттаншығар алдында абай болыңыз.
Радионы қосулы күйінде ұстаңыз, қызметтердің белгілерін тыңдаңыз.
Анық зардап шеккен ғимартқа жақындамаңыз және оған кірмеңіз. Қайталама түрткіге дайын болыңыз, мұндай жағдайларда едәуір қауіпті болып жерсілкінісінен кейінгі алғашқы екі-үш сағат табылады, деген менолар бірнеше тәулік, апта және тіпті ай өткеннен кейін де болуы мүмкін.
Крэш-синдром депаталатын ұзақ уақыттағы жанжу синдромы – ең қауіпті жарақаттардың бірі. Ауыр заттардың: құрылыс жиынтықтарының сынықтары, сынған ағаштардың діңгектері, массивті жиһаз бен сол тектес заттардың  адамның қолы немесе аяғына  ұзақ уақыт бойы жаншуы кезінде - аяқ-қолдардағы қанайналымы тоқтап қалады. Крэш-синдромның салдары ампутациямен көп жағдайда байланысты.
Зардапшеккенадамдаұзақуақыттағыжаншу синдромы бар екенінанықтағануақытта, зардапшеккендіқарапшығыңыз; аурудыбасатындәрмекберіңіз; жаншылғанжеріненжоғарыбұрауқойыңыз; кеңістіктібосатыпалып, оны жылытыңыз. Естесақтаңыз, бірминутты да жоғалтпаукерек. Адамдыауруханағадереужеткізіңіз.

Ғимараттың құлауы
Аяқ асты ғимараттың толық немесе жекелеген құлауы – бұл ғимаратты жобалау кезінде кеткен қателіктер, құрылыс жұмыстарын жүргізген уақыттағы жобаданалшақтау,  ғимаратты немесе оның бөліктерін эксплуатациялау кезіндегі монтаж ережелерін бұзу салдарынан туындаған төтенше жағдайлар, сонымен қатар табиғи немесе техногенді төтенше жағдайлардың салдары.
Құлауға  көп жағдайда террорлық акт салдары болып табылатын жарылыстар, тұрмыстық газ құбырларының қате эксплуатациялануы, отты қауіпті пайдалану, ғимарат ішінде жеңіл жанатын және жарылыс қауіпі бар заттарды сақтау да септігін тигізеді.
Кенеттенқұлауғимараттыңұзақуақытбойындақатарданшығуына, өрттіңтұтануына, коммуналдық-энергетикалықжелілердіңістеншығуына, қоқыстардыңжиналуына, адамдардыңжарақаттануы мен өлімінеәкеліпсоғады.

Алдын-алуіс-шаралары
Ғимараттың кенеттен құлауы кезінде әрекетету жоспарын алдын-ала ойластырыңыз және олармен өз отбасыңыздың барлық мүшелерін таныстырыңыз. Оларға кенеттен құлау жағдайын да әрекетету тәртібі мен алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін түсіндіріңіз.
Міндетті түрде жинақталған медициналық қобдишаңыз бен өрт сөндіргішіңіз болсын және қолжетімді жерде сақтаңыз. Ухимикаттары, оңай өртенуші сұйықтықтар мен өзге де қауіпті заттарды сенімді жерде ұстаңыз. Пәтерге газ баллондарын қажет болмаған жағдайда кіргізбеңіз. Электр қуаты көзінің орнын, газ бен су құбырларының магистральді батырмаларын, электр көзін, газ бен токты кенеттен тоқтата біліңіз.
Газдың аз мөлшерде болсын таралуы кезінде оның пәтерге кіруіне тосқауыл қойыңыз, ғимаратты тексеріңіз және 104 телефон нөмірі арқылы "Қалалық газ" қызметіне хабарлаңыз. Оттың ашық көздерін, электр сөндіргіштерді және электр тұрмыстық құралдарын газды толық желденуіне дейін пайдалануға қатаң тыйым салынады.
Ғимараттыңдәліздерін, сатыалаңын, апаттыжәнеөртжолдарынбөгдезаттарменбекімеңіз. Ыңғайлыжердеқұжаттарыңызды, ақшаларыңызды, қалташамы мен қосалқыбатареяларынұстаңыз.

Үйінді кезінде қалай әрекет ету қажет
Тереңдемалыңыз, дағбырға бой алдырмаңыз, еңмаңыздысынаойыңыздыжинақтаңыз, кез-келгенжолментіріқалуғатырысыңыз, көмектіңміндеттітүрдекелетінінесеніңіз. Мүмкіндігіншеөзіңізгеалғашқымедициналықкөмеккөрсетіңіз. Болғанжағдайғаикемделугетырысыңызжәнежан-жағыңызғақараңыз, мүмкінжолыніздестіріңіз. Сізқайдаекеніңізді,өзгеадамдарқасыңызда бар маекенінанықтауғатырысыңыз: тыңдаңыз, дыбысбілдіріңіз. Адам энергиясынбекергешығындамағанжағдайдашөл мен аштыққа ұзақуақытбойышыдауымүмкінекенінестесақтаңыз. Қалтаңызданнемесежақынараданжарықнемеседыбыс  сигналдарынберуші (мысалы, қалташамы, айна, соныменқатарқұбырдынемесеқабырғаныұруғамүмкіндікберетін металл заттар, соларқылыназараудару) заттардыіздестіріпкөріңіз. Егержалғызшығужолыболып тар тесіктабылса – соларқылыөтіңіз. Олүшінбұлшықеттеріңіздібосаңсытыңызжәнешынтағыңыздыденеңізгебүркепқимылдаңыз.

Как оказать первую медицинскую помощь?

Материалы

Өрт жағдайында не істеу керек

Кенеттен шыққан өрт адамдарды әбігерге салуы мүмкін. Сол себепті әр үйде өрт шыққан жағдайға эвакуациялау жоспары болуы тиіс. 

Үйде мүмкіндігінше қауіпсіз жағдай жасау үшін сіз өрт шыққан жағдайда эвакуациялау жөнінде мынаай ұсыныстарды орындауыңыз қажет: 

1.      Әр бөлмеден шығудың қосымша ықтимал жолын білуіңіз қажет. 

2.      Жанып жатқан үйден шығып бара жатқанда ішкі есікті жабуды ұмытпаңыз. 

3.      Сыртта жиналу орны туралы сөйлесіңіздер, мәселен, пошта жәшігінің жанында. 

4.      Сіздің есік пен терезеңізді қажет болған жағдайда тез ашуға болатынын ойластырыңыз. 

5.      Үйде өрт шықса, уақытты жоғалтпаңыз. МҰНДАЙДА ӘР УАҚЫТ ҚЫМБАТ. 

6.      Дереу көшіруге дайындалып, 101 нөмірі арқылы қоңырау шалыңыз. 

7.      Егер сыртқа шықсаңыз, сонда қалғаныңыз жөн, жанып жатқан ғимаратқа қайта ішке кірмеңіз.

8.      Эвакуациялау жоспарын дайындау кезінде кішкентай балаларға, қарттар мен мүгедектерге баса назар аударуды ұмытпаңыздар. 

Өрттен болған түтінде бағдар алу қиын екенін әрі көру мүмкіндігі нашарлайтынын есте сақтаңыз. 

Ұйқы кезінде сіз түтін иісін сезбейсіз, өйткені түтін әсерінен қатты ұйықтайтын боласыз. өрт қауіпсіздігі шаралары барлық отбасы мүшелері үшін маңызды әрі тиісті дайындығыңыз болса, трагедияның алдын алуға болады; үйдегі өрт туралы дер кезінде хабарлау үшін өрт хабарлағыштарын орнатуға болады. 

ӨРТ ШЫҚҚАН ЖАҒДАЙДА «101» ХАБАРЛАҢЫЗ

Өрт жағдайында не істеу керек

Материалы

Төтенше жағдайлар жөнінде тұрғындарға кеңес

Төтенше жағдайларда ең әуелі не істеу керек?

1. Сабырлық сақтаңыз. 
Кез келген төтенше жағдай кезіндегі ең маңызды мәселе не істеу керектігінде емес, нені істеуге болмайтындығында жатады.  Ең  басты  қауіп сіздің ойланбай істеген асығыс әрекеттеріңізден болмақ.  Өйткені адамға соққы беретініне табиғат кінәлі емес, оның соққысына көбіне-көп адамдар өздері де тап болып жатады.

Сондықтан, ең әуелі байсалдылық танытқаныңыз жөн.  Айта кетейік, өмір мен өлімнің арасындағы шек те осы байсалдылық болып табылады.  Кез келген төтенше жағдайда өлімге бір қадам жақындатата түсетін нәрсе адамның тыныштық-тағатынан айырылып,  жөнсіз әрекеттерге баратыны болмақ.

Келесісі: әрбір адымыңызды аңдап басыңыз, ағат әрекеттерге жол бермеңіз.  Тұра жүгіріп, ажал құрығына тап болғанша, алдымен аздап іркіліп, ойланып алғаныңыз абзал.   

Ал егер ойлануыңыз ұзап кетсе ше?  Онда осы іркіліс өлімге себеп болмай ма!?

Қандай да бір төтенше жағдайға арналған жалпы ережелермен алдын ала танысып, оларды есте сақтап алсаңыз, мұның алдын аласыз. Мұндайда сізге бар керегі - жалпы ережелерді нақты жағдайға бейімдеп, төтенше жағдайға қарсы өз әрекетіңіздің жоспарын құру ғана.

2.Әрекет етудің өзіндік жоспарын құрыңыз
Бәрінен дұрысы – мұндай жоспарды күні бұрын, бақытсыз жағдайдың боларын күтпестен-ақ әзірлеп алғаныңыз болмақ.  Өзіңіз тұратын ауданды  шолып шығыңыз, мұнда қандай апаттардың ұдайы болып тұратынын анықтаңыз да, төтенше әрекеттердің мейлінше жалпылама жоспарын ойластырыңыз. Сонда  шын мәнінде төтенше жағдай орын алғанда, оған тек тиісінше өзгерістер енгізсеңіз жеткілікті болады.

3. Төтенше қызметтердің нұсқауларын пайдаланыңыз
Сіздің төтенше жағдайға әрекет етуіңізге жеке тәжірибеңіз ғана емес (кейбіреулерде ол болмауы да мүмкін), бақытсыз жағдайлармен талай рет бетпе-бет келіп, күрескен тәжірибелі адамдардың кеңесі де негіз болуы тиіс.  Әдетте олар - плакаттар мен буклеттер арқылы нұсқау беретін, кейде тіпті радио мен телевидениеде хабар да жүргізетін төтенше қызметтің қызметкерлері.    

Ресейде мұнымен Ресей ТЖМ, жергілікті ТЖАҚ және Ресей төтенше жағдайлар жүйелерінің басқа да бөлімшелері айналысады.  Күндердің күнінде сіздер баруларыңыз мүмкін өзге елдерде де осындай агенттіктер бар. Апаттарға әрекет етудің жалпы ұстанымдары біркелкі, әйтсе де әрбір өңірдің жергілікті қызметтер жақсы білетін өзіндік ерекшеліктері бар.

Соларға құлақ түріңіз.  Олардан қажетті буклеттер немесе кез келген басқадай қосымшаларды алуға тырысыңыз. Олардың нұсқауларын есте сақтаған жағдайда жоспарыңыз келісті шығады – үнемі ойыңызда жүргендей-ақ жүзеге асады, - ал қауіпті жағдайда  дұрыс шешімді жылдам қабылдайтын боласыз.  Есте сақтамасаңыз – абдырап қаласыз, баяу ойланып, ақымақ әрекеттерге барасыз.    

Әрекет етудің өзіндік жоспары неден тұруы керек?
Ең әуелі оның неден тұрмауы керектігі жайында.

4. "Домино ұстанымынан" аулақ болыңыз
Жоспар дегенде, біз қандай да бір күрделі сызбалы егжей-тегжейлі әзірлемелерді айтып отырған жоқпыз (десек те кейбір нәрселерді өзіңіз үшін жеке параққа жазып алғаныңыз артық емес). Егжей-тегжейлілікке бой алдыру - кез келген жоспарды жүзеге асырылмайтындай дәрежеге жеткізетін нәрсенің дәл өзі.  Мұндай жағдай көптеген комедиялық боевиктерде көрсетіледі: қаһарман толығымен ойластырылған жоспар құрады, алайда оқиғалардың дамуы оның көптеген ұсақ-түйегін іске алғысыз етеді.  

Төтенше жағдай кезіндегі бұзылған жоспарлардың  салдарлары – әрі қарай не істеу керектігін білмеу, әрі соның нәтижесі ретінде танылатын – қатты абдырау.
Сондықтан бәрін бүге-шігесіне дейін тәптіштеуге тырыспаңыз (ондай істі қиялиларға қалдырыңыз). Сіздің жоспарыңызда мейлінше жалпылама нәрселер ғана болуы керек:

  • Қатер төнген жағдайда қай жерге паналайсыз.
  • Орныңызда қалуға болмайтын жағдайда қандай жолмен эвакуацияланасыз.
  • Алғашқы ойлағаныңыз бұғатталған болса, тағы қандай шегіну жолдары бар.
  • Қалай эвакуацияланасыз - машинамен, қайықпен немесе басқадай жолмен. Қолайсыз сәтте машина бұзылып қалған жағдайда не істейсіз.
  • Үйде немесе басқадай орында бас сауғалауға тура келсе, қолыңызда қандай заттар болуы тиіс.
  • Эвакуация кезінде қандай заттарды ала кетесіз.
     
Тиісінше әрекет етіп, қажетті заттарды реттеуге, әдетте, осы алты қағида жеткілікті.

5. Бастапқы қажеттілік жиынтығын дайындаңыз (дұрысында, екі бірдей жиынтық)
Кез келген төтенше жағдай үшін Бастапқы қажеттілік жиынтығын реттеп, су тимейтін жеке сөмкеге салып, оңайға сақтап қойған абзал.  Ол мына бұйымдардан тұрады:

  • Алғашқы жәрдем дәрі қорабы.
  • Құтылардағы консервіленген азық-түліктер және пластик шишалардағы ауыз су. (бір құты кофе мен бір қорап шай, тұз салынған қорапша алуға да болады).
  • Транзистор қабылдағыш және электр қол шамы.
  • Қабылдағыш пен қол шам үшін қосалқы батареялар жинағы.
  • От жағатын жағдайға арнап - герметикалық қораптағы сіріңке, оттық және қағаз.  
  • Құрал-саймандар мен ас үй жабдықтары – тым болмаса шаппалы бәкі, қасықтар, шанышқылар, екі-үш табақ және саптыаяқтар, консерві ашқыш, жеңіл туристік балта.
  • Медициналық көрсеткіштер бойынша отбасы мүшелері жүйелі түрде қабылдайтын дәрілер (нұсқау бойынша оларды тоңазытқышта сақтау қажет болмаған жағдайда).

Тағы бір осындай жиынтықты автокөліктің жүксалғышында сақтаған артық болмас еді.

Отбасылық құжаттар мен ақшаны кез келген жерге тастамай, өзіңіз оңай табатындай белгілі бір орынға сақтаған жөн.  Сонда керек кезінде сіз тез арада оларды өзіңіздің Бастапқы қажеттілік жиынтығыңызға қоса саласыз.

Кейбір отбасы мүшелері жүйелі түрде қабылдайтын, бірақ тоңазытқышта сақтауды талап ететін дәрілер жайында да осыны айтамыз. Тоңазытқышта олар дереу алып, Бастапқы қажеттілік жиынтығы сөмкесіне саалатындай, жеке қорапта жатуы тиіс.  

Аталмыш жиынтыққа жорық қазанын, дала жағдайында тамақ ысытуға болатын керосин аспабын немесе спирт шамын, термосты қосуға болады. Дегенмен, оларды басқа, жеке дорбада сақтаған дұрыс.   

Транзистор қабылдағыштың шкаласына, радиостанцияның халыққа нұсқау беретін хабарламаларын ұстау үшін, қандай толқынға қосылу керектігін лезде анықтай алатындай белгі соғып қойсаңыз тіптен жақсы.   

Басқа бұйымдар:
Өздеріңізге қандай киімдердің қажет болатынын ойластырыңыз да, төтенше жағдайлар үшін отбасы мүшелерінің әрқайсысына арнап, біраз киім, аяқ киім: жазға - су өтпейтін, қысқа - жылы киімдер мен аяқ киімдер дайындап қойыңыз. Аяқ киімнің ұлтаны жұмсақ болмауын қадағалаңыз, себебі ұзақ жаяу жүруіңіз мүмкін, ал табаны жұқа аяқ киіммен аяғыңыз тілініп, алысқа бара алмайсыз.  

Шатыр және көрпе-қаптардың болғаны тіптен құптарлық жайт. Оларды қай уақытта да алып жүргуе ыңғайлы етіп ораған дұрыс.
Егер де жергілікті төтенше қызметтердің нұсқауларында айрықша ТЖ үшін қандай да бір басқа заттардың болуы керектігі айтылса, оны міндетті түрде орындаңыз.

6. Артық ештеңе алмаңыз
Эвакуация кезінде қандай заттарды алуды жоспарлағаныңызға қармастан, олардың өзіңіз арқалап әкете алатындай мөлшерде ғана екеніне, одан артық еместігіне көз жеткізіңіз. Тіпті автокөлікпен кетуді жоспарлағанның өзінде оның жолда сынып қалуы (кептеліске тап болуы немесе тағы басқа) ғажап емес, ондайда әрі қарай жаяу кетуіңізге тура келеді.  

Бастапқы қажеттілік жиынтығына кіретін заттарды міндетті түрде ала кетуге тиіссіз.

Ол жиынтық жеке су өтпейтін сөмкеде жатуы тиіс, әрі сөмке сырттай басқаларына ұқсамауы керек, ал ең дұрысы қандай да бір ашық түсті арнайы белгі соғып қойыңыз.  Оның құрамына кірмейтін заттарды бөлек сөмкелерге салыңыз. Өйткені, жол бойында жүктің жартысын, немесе тіпті артық болған нәрселерді түгелдей, еш ойланбастан, ештеңені іздеместен жылдам лақтырып тастауға тура келуі мүмкін ғой.   

Бастапқы қажеттілік жиынтығына кірмейтін қандай заттарды машина бұзылып қалған жағдайда жүксалғышта қалдыруға тура келетінін, ал қайсысын артынан оқиғалардың аса қолайсыз өрбуі кезінде тастауға мәжбүр болатыныңызды алдын ала ойланыңыз.  

Ол заттарды сөмкелерге тиісінше орналастырыңыз.

Бірақ мынаны есте тұтыңыз: қысылтаяң сәтте аса керек болмауы да ықтимал көр-жерді тасығанша, көбірек тамақ, ауыз су және дәрі-дәрмек, бір-екі бастапқы қажеттілік жиынтығын алған жөн.   

7. Эвакуация кезінде қалдырып бара жатқан бағалы бұйымдарыңыз бен жәдігерліктеріңізді жедел  түрде жинау және сақтау үшін алдын ала орын дайындаңыз

Мәселен, үйде үй иелері үшін мейлінше бағалы заттар, бәлкім, отбасылық жәдігерліктер бар делік, әйтсе де эвакуация кезінде олардың бәрін артынып-тартыну ақымақтық болары айдан анық. Не істеген жөн?

Ондай заттарды тездетіп сала қоятын, артынан сіз қайтып оралғанша бүлінбейтініне  үміттенетіндей, герметикалық ыдыс сатып алып қойғаныңыз дұрыс. Дегенмен, көптеген жағдайларда адамдардың ТЖ кезінде мертігуі мен қаза болуының  бірден-бір себебі шұғыл түрде эвакуацияланудың орнына заттарға бола ұзақ айналшықтау болып табылады. Ең дұрыс шешім – бастапқы қажеттілік бұйымдарын ғана алып, қалғандары жайлы ұмыту.  Көптеген жанұяларда шын мәнінде жәдігерлік болып табылатын, олардан айырылу отбасына аса ауыр тиетін заттар сақтаулы. Бірақ, әдетте, бұл – үнемі шкафта жататын, тамашалау үшін анда-санда ғана алынатын бұйымдар.  Егер қандай да бір бақытсыздық кезінде оларға шынымен де қауіп төнеді деп қорықсаңыз, оларды шкафқа қоймай, герметикалық темір сандықта сақтаңыз. Егер де ауылдағы үйде тұратын болсаңыз, әлгі сандықтың жертөледе тұрғаны дұрыс, ТЖ кезінде бұл - сіз оралғанша оның аман сақталуы үшін ең сенімді орын.

 8. Үрейлі хабарламалар қабылдауға дайын болыңыз
Төтенше жағдайға қатысты жоспарыңызды қай кезде жүзеге асыра бастаған дұрыс?
Алғашқы үрейлі хабарламаларды ала салысымен, осыған кірісіңіз. АҚШ-тың барлық қалаларында стационарлық сиреналар бар, ТЖ қаупі туғанда олар «барлығыңыз назар аударыңыздар» деген белгі береді. Ол – үш минуттан бес минутқа дейін тоқтамастан созылатын біркелкі сарын. Оның мағынасы мынадай: барлығыңыз радио мен теледидарды қосып, оларды қайда не болып жатқаны туралы хабарламалар алу үшін жергілікті толқынға бағыттаңыздар.  Осы сәттен бастап сіздің жоспарыңыз, техникалық тілмен айтқанда, «күту режимінде» болады.  Егер қандай да бір радиостанция немесе ТД қандай да бір апаттың ықтималдығы жайында хабарлап жатса (дауыл, су тасқыны және т.б.), ол хабарламаға барынша мән беріңіз. Көп ұзамастан сирена сарынын естуіңіз де ғажап емес.

Жұт жанамай өтіп кетсе – тіптен жақсы. Алайда жамандыққа дайын болғаныңыз жөн. Ең дұрысы ТЖ тууына азғантай емеурін білдірілгеннің өзінде бір мезгілде теледидарды да, радиоқабылдағышты да қосқаныңыз жөн.  Оларды жергілікті теле және радиостанцияларға бағыттаңыз. Осылайша құнды мәліметтер мен нұсқаулар алып отырасыз. Егер жергілікті төтенше әрекет ету қызметінің толқыны бар болса, онда соған қосылыңыз.  Жылдам бағыттау үшін өзіңізге қажетті толқындарды радиоқабылдағыштың шкаласында күн ілгері белгілеп қойыңыз. Шыны керек, қандай да бір сәтте электр беру желісінің үзілуі салдарынан электрдің сөніп қалуы мүмкін. Ондай жағдайда транзисторлы қабылдағышыңыз бен оның қосалқы батареялары сізге үлкен көмек береді.  

9. Төнгелі тұрған ТЖ бойынша әрекет жоспарын нақтылап, Бастапқы қажеттілік жиынтығын текеріңіз 
Жаңалықтарды тыңдай отырып, төтенше әрекет етудің өзіндік жоспарын ойыңызда реттеп шығыңыз да, оның хабарламада айтылып жатқан төтенше жағдай кезінде қалай жүзеге асатынын елестетіп көріңіз.  Бұнымен бір мезгілде Бастапқы қажетілік жиынтығыңыздың жинаулы екенін тексеріп, тағы да қандай заттар керек болатынын бағамдаңыз. 
Егер БАҚ төтенше қызметтер нұсқауларын беріп жатқан болса, міндетті түрде құлақ түріп, жеке жоспарыңызды соған сәйкестендіріңіз.

Тағы не істеу керек? Одан да тағы не істеуге болмайтынын анықтап алайық.

10. Үрейлі хабарлама алған соң байланыс желілеріне күш түсірмеңіз
Егер де телефоныңыз бар болса, жақындап қалған төтенше жағдай кезінде онымен туыстарыңызға, достарыңыз бен таныстарыңызға қоңырау шалмауға тырысыңыз. Бұл желілік байланысқа да,  ұялы телефондарға да қатысты.  Мәселен, сіз оларға хабарласасыз. Әрине, жалғыз сіздің зияныңыз тимес еді. Алайда сізден басқа тағы да мың адам, сәлден соң он мың, одан кейін тіпті жүз мың адам, бізге дауыл (қарлы боран, су тасқыны, цунами, Годзилла және т.б.) жақындап келе жатыр дегенді айту үшін бір мезгілде қоңырау шалады.  Нәтижесінде телефон желілеріне артық күш түсіп, бұғатталып қалады. Әрі  осының бәрі - төтенше қызметтерге қандай елді мекендердің зардап шеккенін, ондағы құрбандар санын, қай жаққа көмек жіберу керектігін білу үшін  бос желі ауадай қажет кезде...   Түптеп келгенде, байланыс желілері арқылы қандай да бір зардап шегушілерге нақты қандай көмек көрсетілуі керектігі жайлы ақпарат үнемі түсіп тұруы керек.  Хабарламалардың кешігіп жетуіне байланысты медициналық бригадалардың медициналық жәрдемді алғашқы кезекте алуы тиіс адамдарға емес, басқаларына барған жағдайлары жиі кездескендігі тарихқа мәлім. Егер әрбір адам телефон желілеріне қосымша салмақ түсіргендер қатарында болмауға тырысса, онда мыңдаған адам ТЖ құрбаны ретінде салтанатты түрде жерлену ықтималдығынан аман қалар еді. Төтенше жағдай кезінде телефон арқылы тек төтенше қызметтерге қоңырау шалыңыз, оларға жаралылар жайлы хабарлап, қандай да бір жаңа төтенше жағдай немесе оның төну қаупі туралы айтыңыз. Бірақ ешқандай жағдайда жөнсіз қоңырауларға жол бермеңіз.

Бірақ сонда туыстарымыз бен достарымызға қауіп жайлы қалай ескертеміз? Төтенше жағдай туралы олардың білмеуі мүмкін ғой

11. Күнделікті жаймашуақ өмірде туыстарыңызға нұсқау беріп, үйретіп қойыңыз
Егер де сіз телефонмен ескертпеген жағдайда туыстарыңыздың бас сауғалап, апаттан құтылу үшін өз «ұяларын» тастап шықпайтынына сенімді болсаңыз, сіздің ескертуіңізге олардың күмәнмен қарайтынына да дәл сондай сенімді болғаныңыз жөн.  Сын сағат тумайынша, олар орындарынан қозғалмайды, ол кезде тым кеш болуы әбден мүмкін.

Сондықтан, апатты жағдай орын алғанда, телефон желілеріне салмақ түсіріп, шын мәнінде көмекке зәру жандардың өміріне қауіп төндірмеңіз. Дұрысы, оған дейін, күнделікті мамыражай уақыттарда туыстарыңыз бен жақындарыңызға олар тұрып жатқан өңірде қандай қауіптердің кездесуі мүмкін екені және үкімет пен БАҚ-тың жұт жақындады деген хабарын алған сәтте өздерін қалай ұстауы керектігі жайында қарапайым тілмен түсіндіріп қойғаныңыз абзал. Ол үшін сізге алуан түрлі төтенше қызметтер әзірлеген нұсқаулықтар қажет болады.

Осындай нұсқауларды адамдар санасына біртіндеп сіңіре отырып, сіз ерте ме, кеш пе, шындап қауіп төнген жағдайда ешкімге хабарласып, ескертуге мәжбүр болмайтын жағдайға жетесіз. (Дегенмен, кештен гөрі ертерек болғаны дұрыс дейміз).
 
12. Балаларға айрықша көңіл бөліңіз

Туыстарыңыз сіздің нұсқауларыңызға мән бермейтін болса, не істеу керек?
Шынында да, көптеген адамдар тым қырсық болып келеді, өзгелерге қарағанда өздерін көп білемін деп есептейді, әрі әзірге жаман ештеңе болмағандықтан, өздеріне ешқандай да қауіп тумайтынына аса сенімді болады.  Мұндай жандардың төтенше жағдай кезінде алғашқы болып мал-мүлкінен, денсаулығынан, кейде тіпті өімрінен де айырылып жататыны  баршамызға белгілі, әйтсе де соған қарамастан, олардың қатарының азаятын түрі жоқ.    

Мұндай жағдайда отбасыңыздың жасы кіші мүшелеріне айрықша көңіл бөлгеніңіз жөн.
Балалар бәрін бірден қағып алады әрі үлкендердің ақылын естеріне жақсы сақтайды.  Оған қоса, егер де оларды ТЖ кезінде қандай қауіп төнетінін және не істеу керектігін құр сөзбен айта-айта жауыр қылғанша, «сабағыңызды» бұрындары болып өткен апаттар мен адамдардың өзін-өзі құтқаруы жайлы қызықты әңгімеге айналдыра білсеңіз,  ондай ақпарат балалардың жадына, одан соң санасына берік орнығатын болады.
Айта кетейік, айтулы блокбастерлердің – апаттар суреттелетін фильмдердің авторларының да қол жеткізуге тырысатыны осы.  Ондай фильмдердің ең үздіктері, ең шынайылары төтенше қызметтердің көмегімен түсірілген, және халықты қорқытуға емес, оларды моральды тұрғыда дайындап, нұсқау беруге  бағытталады.    
Балаларға ТЖ кезіндегі әрекет жоспарыңыз жайлы да айтып қойғаныңыз абзал, сондай-ақ олармен бірге төтенше жағдай кезінде қандай бұйымдарды міндетті түрде алу керектігін, ал қайсыларын назардан тыс қалдыруға болатынын талқылаңыз.
Оларды Бастапқы қажеттілік жиынтығын жинауға кірістіріңіз.
Мыналарды білгеніңіз артық болмайды: егер отбасында озбырлық орын алмай, балалар үлкендермен жақсы қарым-қатынаста болса, онда олар сізден үйренгендерінің бәрін үлкендерге әңгімелейтін болады. Тосын жағдай, дегенмен ересектер өзі тұрғылас туысынан гөрі балаларының аузынан естігендерін жақсырақ қабылдауға бейім.  

13. Қызбалыққа салынбаңыз

Мейлінше қажеттілік тумаса тұрғылықты орныңызды тастамаңыз 
Апаттың жақындап келе жатқаны туралы ақпарат алғанда, мейлінше қажеттілік тумайынша, ешқайда кетпеңіз. Су тасқынының ағынына, ормандағы өрт орамына немесе қатты боранға тап болған автокөліктерде опат болған жолаушылар саны тым көп.   Ал бәрібір кетуге мәжбүр болсаңыз,  машинада сүйікті әуеніңіздің орнына радионы қосып, жаңалықтарға құлақ түріңіз. Мүмкіндігіне қарай, радиоқабылдағышты жергілікті төтенше қызметтердің радиостудия жиілігіне бағыттаңыз.

14. ТЖ аймағында қалған үйге қайтқанда сақ болыңыз 
Үйлерге кірмеңіз. Апат кезінде ғимаратқа зақым келген болуы мүмкін, онда оның астында қалуыңыз ғажап емес. Төтенше қызметтердің міндеті – ТЖ аймағындағы ғимаратты қарап шығып, адамдардың оларға қайта кіруіне болатынын не болмайтынын анықтау.

Егер де ғимаратқа кіруге мәжбүр болсаңыз, жолыңызға ешқандай жағдайда алаумен немесе шырақпен жарық түсірмеңіз.  Темекі шекпеңіз. Себебі, тіпті су тасқынынан кейін де өрт, қала берді жарылыс қаупі сақталады.  Оған әр алуан нәрселер түрткі болуы мүмкін.  Ең алдымен – бүлінген құбырлардағы газдың кемуі және төгілген тез тұтанғыш заттар.   

Электр жарығын немесе қандай да бір электр құралдарын қоспаңыз. Сым бүлінген болуы мүмкін, ал ол тағы да өрт шығуына (тіпті су тасқынынан кейін де) немесе тоқ соғуына әкеліп соғады. Жалпы, бөліп таратқыш тақтадағы ажыратқышты ағытып тастаңыз да, электр өнеркәсібі қызметкерлерін шақырыңыз, және олар электр жүйесін тексеріп, қосуға рұқсат бергенше, электр қуатын қайтадан қоспаңыз.   

Үйде немесе үйдің айналасында газдың немесе химиялық заттардың иісі шықпайтынына көз жеткізіңіз. Күдікті иістерді сезсеңіз, төтенше қызметтерге хабарлаңыз.  

Үзілген сымдардан (оның ішінде телефон сымдарынан да) аулақ болыңыз. Кез келген мұндай сым қанқұйлы қауіп көзі болып табылады.

Азық-түлік қорларыңызды пайдалануға асықпаңыз, әуелі тексеріңіз: олар уланған (химиялық заттармен уланбағанның өзінде өңезденуі мүмкін) немесе бұзылған (мәселен, олар тоңазытқышта жатып, ұзақ уақыт электр қуаты болмаған жағдайда) болуы ықтимал.

Су жүргізу құбырларынан алынған немесе құдық суын пайдаланбас бұрын ойланыңыз.  Суды пайдалану немесе (қажетіне қарай) оны зарарсыздандыру жөніндегі төтенше қызметтердің нұсқауларына міндетті түрде құлақ асыңыз.  

Егер де құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқан аймаққа тап болып, бірақ сіздің көмегіңіз қажет болмаса, онда ол жерден кеткеніңіз дұрыс. Бос сенделушілер құтқарушыларға қашанда кедергі келтіреді. Оның үстіне, ондай орындарда жүру үнемі қауіпсіз бола бермейді, себебі ол жерде төтенше жағдай екінші мәрте қайталануы мүмкін.  

Мейлінше қажеттілік туған жағдайда болмаса, ешқайда кетпеңіз. Жолдар бүлінген немесе бұғатталған болуы  ықтимал. Мәселен, күшті желден сынған ағаштар құлап, жолдағы автокөліктерді басып қалған немесе жолда кенеттен терең ойпаттар пайда болған жағдайлар бар. Дүлей апаттан кейін көпірлер әсіресе қауіпті болып келеді.  

Егер сонда да жолға шығуыңызға тура келсе, онда барынша сақтық танытыңыз, жылдамдық арттырушы болмаңыз. Жол үстінде автокөлік жүргізушілері үшін қауіп тудыратын бүлінулерге кезіккен болсаңыз, ол жөнінде тездетіп төтенше қызметтерге хабарлаңыз.  

15. Туыстарыңыздың да қауіпсіз жерде екеніне көз жеткізіңіз
Жұт жағдайында телефонды пайдаланбаған жөн, алайда ең сындарлы сәттердің артта қалғаны ресми түрде мәлім болысымен, бірден туыстарыңызға қоңырау шалыңыз.  Сізден хабар алмаған соң, олар ТЖ-ны жою штабына хабарласуы мүмкін, сөйтіп сізді із-түзсіз жоғалғандар қатарына енгізеді. Нәтижесінде сізді іздеуге жұмсалатын уақыт пен күшке әлдеқайда тағы біреулер мейлінше зәру болуы мүмкін.

Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы

Материалдар

ТЕРРОРИЗМ АКТІСІ ҚАТЕРІНІҢ ТУЫНДАУЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ МОНИТОРИНГІНІҢ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ХАБАРДАР ЕТУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ЖҰМЫС ІСТЕУІ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 Жарлығы

      «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес халықты терроризм актісінің қатерінің туындауы туралы уақтылы хабардар ету және оның жасалуына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті ұйымдастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдары өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.

      3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

      Президенті                                          Н.НАЗАРБАЕВ

Қазақстан Республикасы

Президентінің   

2013 жылғы 9 тамыздағы

№ 611 Жарлығымен  

бекітілген     

Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат

мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік

жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуінің тәртібін белгілейді.

      2. Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесі – бұл жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды ұйымдастыру мен атқару мақсатында қызметі терроризм актісінің (актілерінің) қатері салдарынан немесе жасалуынан туындайтын дағдарысты ахуалдар мониторингін және оларға болжам жасауды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының аумағында террористік қауіптіліктің деңгейін белгілеуге, терроризм актісінің (актілерінің) қатері немесе жасалуы кезінде мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан ұйымдарға және халыққа ақпаратты және хабардар ету сигналдарын уақтылы жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған басқару органдарының, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар күштері мен құралдарының жиынтығы.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингі – республиканың түрлі өңірлерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде терроризм актісінің (актілерінің) жасалу салдарынан немесе жасалу қаупі салдарынан туындайтын дағдарысты ахуалдар белгілерін анықтау мақсатында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан, бұқаралық ақпарат құралдары мен ашық және жабық сипаттағы басқа да дереккөздерден уәкілетті мемлекеттік органдардың ахуалдық орталықтарына, басқару пункттеріне, кезекші және диспетчерлік қызметтеріне тұрақты негізде келіп түсетін, елде және шетелде болып жатқан оқиғаларға қатысты ақпаратты жүйелі түрде жинау және өңдеу;

      2) дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актісі (актілері) туралы анық ақпарат (нақты деректер) – дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актісі (актілері) туралы объективті шындыққа (фактілерге) сәйкес келетін деректер.

2. Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат

мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік

жүйесінің құрамы

      4. Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің құрамына:

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті;

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі;

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі;

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі;

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі;

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі;

      Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі;

      жергілікті атқарушы органдар;

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті;

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;

      Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі кіреді.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 04.05.2014 N 814; 29.08.2014 N 900; 17.09.2014 № 911 Жарлықтарымен.

3. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына терроризм

актісінің (актілерінің) қатері туындауы немесе жасалуы туралы

ақпаратты жеткізу тәртібі

      5. Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпаратты Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдардың ахуалдық орталықтары, басқару пункттері, кезекші және диспетчерлік қызметтері өз құзыретіне сәйкес тұрақты түрде қабылдайды, өңдейді және байланыс арналары арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ахуалдық орталықтарына дереу жібереді.

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күзететін адамдарға немесе объектілерге қатысты терроризм актісі жасалу қатерінің туындауы туралы осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар алған ақпарат та Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кезекші қызметіне дереу жіберіледі.

      Қазақстан Республикасының өңірлерінде терроризм актісінің (актілерінің) жасалуы немесе жасалу қаупі салдарынан дағдарысты ахуалдар туындаған кезде жағдай туралы ақпаратты облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдерінің аппараттары және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарына жібереді.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 04.05.2014 N 814 Жарлығымен.

      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ахуалдық орталықтары террористік қауіптілік деңгейін анықтау мақсатында терроризм актісі қатерінің туындауы туралы келіп түскен ақпаратқа мониторингті, ұлттық мүдделерді қозғауы мүмкін халықаралық дағдарыстар мен шиеленістерді болжамдауды тұрақты негізде жүзеге асырады, террористік қатердің өрістеуі (таралуы, республиканың, басқа мемлекеттердің дағдарысты өңірлері, ақпараттық саладағы осал тұстарды табу) туралы тұрақты бағалаулар жүргізеді.

      7. Дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актісі (актілері) туралы анық ақпараттың негізінде қоғамдық қауіптіліктің ауқымын және дәрежесін, терроризм актісінің мемлекет аумағына немесе оның жекелеген өңірлеріне тигізетін күтілетін теріс салдарлары мен сипатын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ахуалдық орталықтарының басшылары террористік қауіптілік деңгейі туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын дереу хабардар етеді.

4. Қазақстан Республикасының аумағындағы террористік қауіптілік

деңгейін анықтау және терроризм актісі қатерінің туындауы

туралы халықты хабардар ету тәртібі

      8. Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында немесе өңірлері мен елді мекендерінің аумақтарында террористік қауіптіліктің мынадай деңгейлері:

      бірқалыпты («сары») – терроризм актісі (актілері) жасалуының нақты мүмкіндігі туралы растауды талап ететін ақпарат болған кезде;

      жоғары («қызғылт сары») – терроризм актісі (актілері) жасалуының нақты мүмкіндігі туралы расталған ақпарат болған кезде;

      шекті («қызыл») – жасалған терроризм актісі туралы ақпарат, сондай-ақ терроризм актісін (актілерін) қайталап жасау немесе террористік тұрғыдан осал объектілерге бір мезгілде террористік шабуылдар жасау мүмкіндігі туралы расталған ақпарат болған кезде белгіленуі мүмкін.

      9. Егер қабылданған шаралардың нәтижесінде террористік қауіптіліктің қатері жойылса, онда террористік қауіптілік деңгейі алып тастауға жатады.

      10. Қазақстан Республикасының жекелеген өңірлерінің және елді мекендерінің аумағында террористік қауіптіліктің бірқалыпты («сары») және жоғары («қызғылт сары») деңгейлерін белгілеу, өзгерту немесе алып тастау туралы шешімді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті аумақтық органының бастығы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімімен келісе отырып дереу қабылдайды, қабылданған шешім туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын (немесе оны алмастыратын адамды) және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтарының мүшелерін міндетті түрде хабардар етеді.

      11. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтарын уақтылы өрістету мақсатында террористік қауіптіліктің белгіленген деңгейіне қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ өз құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылға қатысатын басқа да мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерімен айқындалатын бірыңғай хабардар ету сигналы және олардың құрамына енетін мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарын жауынгерлік пайдалануға келтірудің тиісті алгоритмдері қолданылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 04.05.2014 N 814 Жарлығымен.

      12. Қазақстан Республикасының жекелеген өңірлерінің және елді мекендерінің аумағында террористік қауіптіліктің бірқалыпты («сары») және жоғары («қызғылт сары») деңгейлері белгіленетін мерзімді, террористік қауіптілік деңгейі белгіленетін аумақтың шекарасын және осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген шаралар тізбесін, егер Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы (немесе оны алмастыратын адам) өзге шешім қабылдамаса, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті аумақтық органының бастығы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімімен келісе отырып айқындайды.

      13. Қазақстан Республикасының барлық аумағында террористік қауіптіліктің бірқалыпты («сары»), жоғары («қызғылт сары») деңгейлерін, Қазақстан Республикасының жекелеген өңірлерінің және елді мекендерінің аумағында, сол сияқты оның барлық аумағында террористік қауіптіліктің шекті («қызыл») деңгейін белгілеу, өзгерту немесе алып тастау туралы шешімді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы (немесе оны алмастыратын адам) қабылдайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы (немесе оны алмастыратын адам) террористік қауіптіліктің көрсетілген деңгейлері белгіленетін мерзімді, шегінде олар белгіленетін аумақтың шекараларын және осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген шаралар тізбесін айқындайды.

      14. Террористік қауіптіліктің деңгейін белгілеу, өзгерту немесе алып тастау және ол белгіленетін мерзім, сондай-ақ шегінде ол белгіленетін аумақтың шекаралары, террористік тұрғыдан осал объектілер, террористік қауіптілік қатері төнген көлік объектілері, оны жою бойынша құзыретті мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралар, дағдарысты жағдайлардағы азаматтық тұрғындардың іс-қимылдары туралы халықты хабардар етуді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметімен бірлесіп бұқаралық ақпарат құралдары және телекоммуникация желілері арқылы, атап айтқанда:

      «Адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қауiп-қатер және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1112 қаулысына сәйкес телерадиохабар желілері;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары;

      «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағына сәйкес ұялы байланыс;

      мерзімді баспа басылымдары жүзеге асырады.

      Террористік қауіптілік деңгейі туралы ақпарат сондай-ақ сыртқы (көзге көрінетін) болуы және адамдар көп жиналатын объектілерде плакат, стенд, жарық таблосы, билбордтар, транспаранттар түрінде орналастырылуы мүмкін.

      Террористік қауіптілік деңгейі туралы сыртқы (көзге көрінетін) ақпаратты орналастыру іс-шараларын жергілікті бюджет қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органдар жүргізеді.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 17.09.2014 № 911 Жарлығымен.

      15. Белгіленген террористік қауіптілік деңгейіне сәйкес терроризмге қарсы күрес бойынша республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) жедел штабтарының қызметін ұйымдастыруға тартылған мемлекеттік органдар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өз құзыретіне сәйкес жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мынадай шаралар қабылдайды:

      1) террористік қауіптіліктің «сары» деңгейінде:

      терроризм актісінің болуы мүмкін екендігі туралы ақпаратты тексеру бойынша іс-шаралар;

      аумақтық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың терроризм актілерінің салдарын жоюға арналған күштері мен құралдарының, сондай-ақ құтқару жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланатын техникалық құралдардың және арнайы жабдықтардың есебін нақтылау;

      мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының жедел немесе шұғыл түрде медициналық көмек көрсету бойынша, сондай-ақ терроризм актісі салдарынан физикалық зиян келтірілуі мүмкін адамдарды медициналық эвакуациялауды ұйымдастыру бойынша мүмкіндігін бағалау;

      полиция нарядтарын және әскери қызметшілердің жекелеген санаттарын, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілердің дағдарысты ахуалдарды оқшаулау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын персоналы мен бөлімшелерін, алынған ақпаратқа байланысты тиісті салада мамандарды тарта отырып, нұсқамадан өткізу;

      көшелерге, алаңдарға, стадиондарға, скверлерге, саябақтарға, теміржол магистральдары желілеріне, теміржол вокзалдарына, әуежайларға, теңіз және өзен порттарына, метрополитен объектілеріне, бұқаралық және көпшілік іс-шаралар өткізетін орындарға, басқа да қоғамдық жерлерге, оның ішінде кинология қызметінің мамандарын тарта отырып, күшейтілген патрульдер шығару;

      әуежайларда, теңіз және өзен порттарында, метрополитен объектілерінде, теміржол вокзалдарында және сапаржайларда арнайы техникалық құралдарды қолдана отырып тексеріп қарау іс-шараларын өткізу барысында режимдік шараларды күшейту;

      жарылғыш құрылғылар қою орындарын анықтау мақсатында инфрақұрылым объектілерін, жылу, газ құбырларын, газ тарату станцияларын, энергетика жүйелерін тексеруді және қарап шығуды жүзеге асыру;

      көпшілік қатысатын және бұқаралық іс-шараларға қатысушылардың негізгі маршруттарына инженерлік-техникалық барлау жүргізу, жарылғыш құрылғыларды анықтау және залалсыздандыру мақсатында террористік тұрғыдан осал объектілерді және адамдар көп жиналатын орындарды зерттеп қарау;

      болуы мүмкін терроризм актісінің қатері және қажетті іс-қимылдар туралы халықты хабардар ету;

      2) террористік қауіптіліктің «қызғылт сары» деңгейінде (террористік қауіптіліктің «сары» деңгейі белгіленгенде қабылданатын шаралармен қатар):

      әуе, су, автомобиль, теміржол көліктерінде, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілерде терроризм актілерін дайындауға және жасауға қатысы бар адамдарды іздеуді ұйымдастыру жөніндегі шараларды жандандыру;

      террористік қауіптілік деңгейі белгіленген аумақтың шегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекітілген Ішкі мигранттарды тіркеу қағидаларын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оның ішінде лауазымды адамдардың сақтауына, сондай-ақ шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында уақытша болу немесе тұрақты тұру, Қазақстан Республикасына кіру, Қазақстан Республикасынан шығу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өту тәртібін сақтауына бақылауды күшейту;

      терроризм актісінің қатерін жоюға тартылған күштер мен құралдарды практикада қолдану бойынша дайындық іс-шараларын өткізу;

      террористік тұрғыдан осал объектілердің дағдарысты ахуалдарды оқшаулау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын персоналы мен бөлімшелерінің дайындығын тексеру және олардың терроризм актісінің жолын кесу мен адамдарды құтқару жөніндегі мүмкін болатын іс-қимылдарын пысықтау;

      терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген жағдайда жекелеген жергілікті жер учаскелерінен және объектілерден көшірілген адамдарды уақытша орналастыруға жарамды орындарды, сондай-ақ оларды азық-түлікпен және киіммен қамтамасыз ету көздерін анықтау;

      көлік құралдарын – адамдарды эвакуациялауға, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын – терроризм актісі салдарынан физикалық және моральдық зиян келтірілуі мүмкін адамдарды қабылдауға жоғары дайындық режиміне келтіру;

      терроризмге қарсы операцияны өткізу үшін жедел штабтарға берілген күштер мен құралдарды дайындық жағдайына келтіру;

      террористік тұрғыдан осал объектілерді күзетуді күшейту;

      террористік қауіптілік деңгейі белгіленген аумақта көлік құралдарының қозғалысын бақылауды күшейту, қару мен жарылғыш заттарды анықтайтын техникалық құралдарды қолдана отырып, көлік құралдарын тексеріп қараудан өткізу;

      3) террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі белгіленген кезде (террористік қауіптіліктің «сары» және «қызғылт сары» деңгейі енгізілген кезде қабылданатын шаралармен қатар):

      тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын төтенше режимге көшіру;

      терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген жағдайда жекелеген жергілікті жер учаскелерінен және объектілерден көшірілген адамдарды уақытша орналастыру пункттерін құру, терроризм актісінен (актілерінен) зардап шеккен адамдарды уақытша орналастыру пункттерін қауіпсіз аймақтарда құру, адамдардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін мүлікті (азық-түлік, киім және басқа да мүлік) жеткізуді ұйымдастыру;

      адамдарды құтқару, қараусыз қалған мүлікті күзету бойынша жедел шаралар қолдану, құтқару қызметтерінің және құралымдарының үздіксіз жұмыс істеуіне жәрдемдесу.

      Террористік қауіптіліктің «қызғылт сары» және «қызыл» деңгейлерінде республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызды қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы басшысының шешімі бойынша «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 15-1-бабында көзделген шаралар қолданылуы мүмкін.

      16. Террористік қауіптіліктің деңгейлерін белгілеу, өзгерту немесе алып тастау туралы шешім, сондай-ақ террористік қауіптілік деңгейі белгіленген мерзімдер туралы және шегінде ол белгіленетін аумақтың шекаралары туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары арқылы дереу жариялануға тиіс.

Терроризмге қарсы комиссия туралы ЕРЕЖЕ

Материалдар

ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясы (бұдан әрі - терроризмге қарсы комиссия) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының терроризмнің алдын алу, терроризм зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметін жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Терроризмге қарсы комиссия Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының шешімдерін Оңтүстік Қазақстан облысының шегінде іске асырады. 3. Терроризмге қарсы комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, конституциялық заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері және өзге де нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

2. Терроризмге қарсы комиссияның негізгі міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері

4. Терроризмге қарсы комиссияның негізгі міндеттері:

      1) Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында терроризмге қарсы іс-қимыл (облыстық маңызы бар қаланың) саласындағы  мемлекеттік саясатты, сондай-ақ осы саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығына ұсыныстар дайындауды іске асыруға қатысу; 2) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың терроризмнің алдын алу, терроризм зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметін үйлестіру; 3) терроризмнің профилактикасы, терроризм керіністеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуын қамтамасыз ету, терроризм зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөнінде шаралар әзірлеу, осы шараларды іске асыруға бақылауды жүзеге асыру; 4) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді шешу болып табылады. 5. Негізгі міндеттеріне сәйкес терроризмге қарсы комиссияға мынадай функциялар жүктеледі: 1) Оңтүстік Қазақстан облысында қалыптасқан жағдайды ескере отырып, терроризмнің алдын алу, терроризм зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу; 2) Оңтүстік Қазақстан облысындағы терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ахуалға  әсер ететін саяси, әлеуметтік-экономикалық, діни және өзге де процестерге мониторинг жасау, бағалау және болжау; 3) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың терроризмнің алдын алу, оның зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою саласындағы өзара іс-қимылын үйлестіру; 4) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың терроризмнің алдын алу, оның зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою саласындағы қызметінің үйлесімділігіне кері ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою; 5) терроризмнің алдын алу, оның зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою саласындағы мемлекеттік органдардың қаржылық, материалдық-техникалық, кадрлық, ақпараттық және өзге де қамтамасыз ету мәселелерін шешу; 6) терроризмге қарсы комиссия аппаратының терроризмге қарсы комиссия шешімдерінің орындалу мәселелері бойынша есебін тыңдау; 7) төменгі тұрған комиссиялардың қызметін үйлестіру, терроризмнің алдын алу, терроризм зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету; 8) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын жақсарту бойынша жай-күйді зерделеу, проблемаларды талдау, іс-шаралар тұжырымдау; 9) терроризмге қарсы комиссияның құрамына кіретін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар арасында терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара ақпарат алмасуды ұйымдастыру; 10) терроризм профилактикасы саласында кадрлар даярлау және олардың біліктілігін арттыру шараларын әзірлеу мен үйлесімді жүзеге асыруда ынтымақтасты жүзеге асыру; 11) Оңтүстік Қазақстан облысындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін әзірлеу, бекіту, өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау; 12) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Респуликасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру. 6. Терроризмге қарсы комиссия өз міндеттерін жүзеге асыру үшін: 1) өз құзыреті шегінде орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың терроризмнің алдын алу, оның көріністерін барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі іс-қимылдарын ұйымдастыруға, үйлестіру мен жетілдіруге қатысты ұсынымдар беруге; 2) терроризмге қарсы іс-қимыл жоспарлары мен бағдарламаларының жобаларын әзірлеуге; 3) терроризмнің алдын алу, оның зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдарынан белгіленген тәртіппен қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға; 4) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдардың өкілдерін (келісім бойынша) терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатыстыру үшін тартуға құқылы.

3. Терроризмге қарсы комиссияның құрамы

7. Терроризмге қарсы комиссияның төрағасы лауазым бойынша

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып табылады. 8. Терроризмге қарсы комиссияның төрағасы: 1) оның отырыстарына төрағалық етеді; 2) Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығымен келісілген терроризмге қарсы комиссияның тиісті жылға арналған жоспарын бекітеді; 3) Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының басшысын терроризмге қарсы комиссияның жұмысы туралы хабардар етіп отырады. 9. Оңтүстік Қазақстан облысының терроризмге қарсы комиссиясы төрағасының орынбасары Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің бастығы болып табылады. 10. Оңтүстік Қазақстан облысында терроризмге қарсы  комиссияның дербес құрамына орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері енгізіле алады. 11. Терроризмге қарсы комиссия төрағасының шешімі бойынша комиссия құрамына тиісті органдармен келісім бойынша орталық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзге де лауазымды адамдары енгізілуі мүмкін. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің ұсынуы бойынша терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты бекітеді.                         

4. Терроризмге қарсы комиссияның жұмысын ұйымдастыру

      12. Терроризмге қарсы комиссия өз қызметін Қазақстан

Республикасының Терроризмге қарсы орталығының үйлестіруі бойынша орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын

атқарушы органдармен, меншік нысанына қарамастан ұйымдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.

      13. Терроризмге қарсы комиссия өз жұмысын Оңтүстік Қазақстан облысында терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабымен өзара

  іс-қимылға құрады. 14. Терроризмге қарсы комиссия өз қызметін жоспарлы негізде жүзеге асырады. 15. Терроризмге қарсы комиссия әрбір жартыжылдықта өз қызметінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығын хабардар етіп отырады. Терроризмге қарсы комиссияның қызметі туралы есептік ақпарат (отырыс хаттамаларының, анықтамалықтардың, ақпараттық-талдамалық материалдардың көшірмелері және т.б.) Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы белгілеген нысан мен мерзімдер бойынша қағаз және электронды тасығыштарда Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органына жолданады. 16. Терроризмге қарсы комиссияның отырысы тоқсанына бір реттен кем емес өткізіледі. Қажет болған жағдайда терроризмге қарсы комиссия төрағасының шешімі бойынша оның кезектен тыс отырысы өткізілуі мүмкін. 17. Терроризмге қарсы комиссияның мүшелері отырыстарда қаралатын мәселелерді талқылау кезінде тең құқыққа ие болады. Терроризмге қарсы комиссияның мүшесі отырысқа қатыса алмаған жағдайда, бұл туралы терроризмге қарсы комиссияның төрағасына жазбаша түрде алдын ала хабарлайды және өзін ауыстыру үшін тиісінше орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі, жергілікті өзін-өзі басқару органы, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган өкілінің кандидатурасы ұсынылады. Аталған өкіл терроризмге қарсы комиссияның төрағасымен келісілгеннен кейін оның отырысына кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады. Терроризмге қарсы комиссияның отырысы оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан жағдайда заңды болып саналады. 18. Шешімдер қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Терроризмге қарсы комиссия мүшелерінің дауысы тең түскен жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады. 19. Терроризмге қарсы комиссияның шешімі хаттамамен ресімделіп, оған терроризмге қарсы комиссияның төрағасы қол қояды.

20. Терроризмге қарсы комиссияның құрамына кіретін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшылары терроризмге қарсы комиссияның шешімдерін іске асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес актілер (бірлескен актілер) қабылдай алады. 21. Терроризмге қарсы комиссияның қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді облыс әкімі аппаратының бөлімі жүзеге асырады. Терроризмге қарсы комиссия аппаратының басшысы – облыс әкімі аппаратының бөлім басшысы болып табылады. Терроризмге қарсы комиссия аппаратының жұмысына келісім бойынша терроризмге қарсы комиссия құрамына кіретін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары тартылады. 22. Терроризмге қарсы комиссия аппараты: 1) терроризмге қарсы комиссия жұмыс жоспарының жобасын әзірлейді; 2) терроризмге қарсы комиссияның отырысын дайындау мен өткізуді қамтамасыз етеді; 3) терроризмге қарсы комиссияның шешімдерін орындауды бақылау жөніндегі оның қызметін қамтамасыз етеді; 4) Оңтүстік Қазақстан облысында терроризмнің алдын алу саласындағы ахуалдың дамуына ықпал ететін қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өзге де процесстер туралы ақпаратты талдайды, оның көріністеріне жәрдем ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі терроризмге қарсы комиссияның ұсыныстарын тұжырымдайды; 5) терроризмге қарсы комиссияның Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді; 6) төмен тұрған терроризмге қарсы комиссия аппараттарының қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді (осы тармақша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың терроризмге қарсы комиссиялар туралы ережелерінде қолданылады); 7) Оңтүстік Қазақстан облысының терроризмге қарсы комиссиясының жұмысын үйлестіру мен бақылау бойынша облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы комиссиясының қызметін қамтамасыз етеді; 8) терроризмге қарсы комиссияның іс қағаздарын жүргізуін жүзеге асырады.

Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жаднама

Материалдар

Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жаднама

Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.

Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.

Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте  домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есіктерінің ашық - жабықтығын тексеріңіздер.

Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сіздер көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға толық құқыларыңыз бар.

Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір сақтау немесе басқа біреуге беру үшін біреудің қолынан зат алмаңыздар.

Адамдар аз (иесіз) жерде күдік тудыратын затты тауып алу сіздің сақтығыңызды әлсіретуге тиіс емес. Қаскөй адам оны бір нәрседен, біреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкін.

Тіпті, сіздің жарылғыш құрылғыларын білетін жеке тәжірибеңіз болса да, онымен бір нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздігінен жарылғыштар өте сезімтал және әккі болып келеді.

Күдік тудыратын затқа жақындамаңыздар, тіпті қол тигізбеңіздер,      бұл - өмірлеріңізге өте қауіпті.

Балаларыңызға қауіпсіздік шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есік ашуға, жерде жатқан иесіз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б. үйретіңіздер.

Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда

халыққа арналған жаднама

Терроризм актілерін дайындау немесе жоспарлауды куәландыратын белгілері

1) сіз жұмыс істейтін немесе үйдің ауласында, ғимарат айналасында (жиі баратын жеріңізді) күдікті тұлғалардың бірнеше рет көрінуі, фото және бейне түсірме жасауы, сондай-ақ дәптерге жазба жасау;

2) құқық қорғау орган қызметкерлерімен кездесуден қашу және бейне камерадан бұлтару әрекеттері (басын түсіру, бұрылып кету, бетін жабу);

3) жер төле және шатырларға техникалық қызмет көрсетуге қатысы жоқ тұлғалардың кіруі;

4) тұрғын және әкімшілік ғимараттарға қызмет көрсететін персоналдар және күзетушілермен бейтаныс адамдардың негізсіз байланысқа түсуі, олардан жұмыс тәртібі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар және т.б. жөнінде мәліметтерді жинақтау;

5) бөгде тұлғалармен маңызы төмен жұмыстарды (пакет, түйіншек, посылка беріп жіберу) ірі сыйақыға орындайтын тұлғаларды іздеуі.  

Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда келесі іс-қимылды орындау қажет:  

1) Ұстауға өздігімен әрекет қабылдамау;

2) Олар жөнінде құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлау;

3) Өзіңіз назарға түспеу, тұлғалардың санын, нақты сыртқа белгілерін, киімдерін және оларда бар заттарды, қолдануындағы автокөлік номерін және маркасын, қозғалыс бағытын белгілеп алу.

Күдікті зат тауып алған кездегі тұрғындарға

арналған жаднама

Біліңіздер: заттардың сыртқы көрінісі оның расында неге арналғанын жасыруы мүмкін. Жарылғыш заттар үшін камуфляж есебінде әдеттегі тұрмыстық заттар қолданылады: сумка, пакет, түйіншек, қорап, ойыншық және т.б.    

Табылған заттардың жарылу қаупін куәландыратын, белгілері:

1) көлік маңында, баспалдақта, пәтерде және т.б. орындарда белгісіз түйіншектің немесе басқада бір заттардың болуы;

2) бөтен сумка, портфель, қорап, басқада заттың: кіреберісте, пәтер есігінің, көліктің маңында өзгеше орналасуы;   

3) табылған күдікті заттан шудың шығуы (сағат механизміне, жиілігі төмен дыбысқа тән).

Егер де сіз күдік тудыратын зат тауып алсаңыз, ол фактіні назардан тыс қалдырмаңыз:

1)    қоғамдық көлікте:

-  заттың (сөмкенің және т.б.) кімдікі екенін немесе кім қалдырып кетуі мүмкін екенін қасыңыздағы адамдардан сұраңыз;

- егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу жүргізушіге немесе кондукторға хабарлаңыз.

  1. үйіңіздің кіре берісінде:

- көршілерден сұраңыз, мүмкін ол зат соларға тиесілі шығар. Егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз (тел. 102, 112).

3) көшеде, саябақта және т. б.:

- айналаңызға қараңыз, егер мүмкіндік болса, заттың иесін анықтауға тырысыңыз. Егер ол анықталмаса, құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлаңыз (тел.102, 112);

- затты бөгде адамдардан оқшаулауға немесе алыс арадан затқа бөтендерді жібермеуге тырысыңыз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері келген бойда зат табылған уақыт туралы ақпарат беріңіз.

4) мекемелерде, ұйымдарда:

- тауып алған зат туралы объект күзетшісіне немесе әкімшілігіне дереу хабарлаңыз.

Табылған затпен немесе күдік тудыратын заттармен жеке іс-қимыл жасауға тырыспаңыз, олар жарылғыш құрылғылар болуы мүмкін, бұл жарылысқа, көптеген құрбандыққа, қирауға әкелуі мүмкін.

Үзілді-кесілді тыйым салынады:

- табылған затты ұстауға, ашуға және орнынан қозғауға, бір жерден екінші жерге апаруға, қолға алуға;

- табылған затты қалтаға, портфельге, сөмкеге салуға және т.б.;

- жерге көмуге немесе оларды су қоймаларына тастауға;

- заттардан шығып тұрған сым темірлерді немесе сымдарды үзіп тастауға немесе тартуға, оларды залалсыздандыруға тырысуға;

- табылған заңсыз затты пайдалануға;

- оған жақын аралықта радио- және электрлі - аппараттарын, ұялы телефондарды пайдалануға;

Жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы нәтижесінде  жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған тұрғындарға арналған жаднама

Егер сіз жарылу аймағында қалсаңыз, естен танбай, қимылдай алатын халде болсаңыз, ең бірінші кезекте түтін мен жалын жоқ жерге қарай жүруге, еңбектеуге тиіссіз.

Егер сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал қасыңызда зардап шеккен адамдар болса, олардың жан-күйлерін бағалаңыз: тамыры соға ма, адам есін жоғалтқан жоқ па? Ешқашан оның есін мүсәтір арқылы жиғызуға тырыспаңыз. Естен тану – бұл организмнің сыртқы әсерден қорғануы. Егер зардап шеккен адамның сынған жерлері болмаса (оның сүйектерін мұқият басып көріңіз), оны қырынан жатқызыңыз. Ол шалқасынан жатса, құсыққа шашалып, етпетінен жатса тұншығып қалуы мүмкін. Күре тамырдан қан кеткен (алқызыл қан шапшып жатса) кезде жарақатты неғұрлым тез, тым болмағанда саусақпен басып, содан соң жараның жоғары жағынан жіппен, белбеумен, баумен, белдікпен таңу керек.

Егер сіз ғимараттың қираған үйінділері арасында қалсаңыз, саябырлауға тырысыңыз. Терең және бірқалыпты тыныс алыңыз. Өзіңізді құтқаратынына иландырыңыз. Дауыстап және заттарды соққылау арқылы адамдардың назарын аударыңыз. Егер сіз ғимараттың қираған үйінділерінің түбінде қалсаңыз, сізді жаңғырық дыбыс анықтағыш арқылы тауып алу үшін кез келген металл затты (сақина, кілт және т.б.) оңды-солды қозғап, дыбыс шығарыңыз.

Егер бекітулі кеңістікте болсаңыз, оттықты тұтандырмаңыз.  Оттегін сақтаңыз. 

Қабырғалардың қайта опырылып құлауын болдырмауға тырысып, абайлап жылжыңыз, сырттан соққан ауаның қозғалысы бойынша  бағдар ұстаңыз. Егер мүмкіндігіңіз болса, қолға ұстауға келетін заттардың (тақтайлар, кірпіштер  және т.б.) көмегімен төбені бекітіңіз, содан соң  көмек күтіңіз. Қатты шөл қысқан кезде кішкентай тасты аузыңызға салып, сорыңыз, мұрныңызбен тыныс алыңыз.

Адамдарды кепілге алған жағдайдағы іс-қимылдар бойынша

тұрғындарға арналған жаднама

Адамдарды кепілге алудың әрбір нақты жағдайы өзгеше және басқалардан ерекшеленеді. 

Сонымен қатар егер сіз кепілге алынсаңыз: 

1) өз-өзіңізге мүмкіндігінше жылдам келіңіз, тынышталыңыз және үрейленбеңіз; 

2) егер өзіңізді байлап немесе көзіңізді жапса, бойыңызды еркін ұстауға тырысыңыз, терең тыныстаңыз; 

3) болуы мүмкін қатаң сынаққа жеке адами, моральдық және эмоционалды тұрғыда дайын болыңыз. Осы ретте адамдарды ұстаудың көптеген жағдайларында кепілге алынғандардың тірі қалғандығын есте сақтаңыз. Сізді босату үшін құқық қорғау және арнайы органдары кәсіби шаралар қолданып жатқанына сеніңіз;  

4) егер қашып кете алатыныңызға толық сенімді болмасаңыз, қашуға тырыспаңыз; 

5) террористер туралы мүмкіндігінше көбірек ақпаратты есте сақтаңыздар. Олардың санын, қарулану дәрежесін мақсатқа сай белгілеу, дене бітіміне, сөйлеу акценті мен тақырыбына, темпераментіне, өзін ұстау мәнеріне және т.б. сыртқы пішінін сипаттайтын ерекшеліктерге көңіл аудара отырып, барынша толық кескінін жасау. Жан-жақты ақпараттың соңынан террористердің жеке бастарын анықтауда көмегі тиеді;

6) әр түрлі белгілер бойынша өзіңіз отырған (қамалған) орынды  анықтауға тырысыңыз;

7) мүмкіндігінше терезелерден, есіктерден және адам ұрлаушылардың өздерінен алысырақ, яғни құқық қорғау органдары белсенді шаралар қабылдаған жағдайда (үй-жайға шабуыл, мергендердің қылмыскерлерді көздеп атуы және т.б.) неғұрлым қауіпсіз жерге орналасыңыз;

8) ғимаратқа шабуыл жасаған жағдайда қолды желкеңізге қойып, еденге етпеттеп жатуды ұсынады; 

9) егер шабуыл жасаған және басып алған кезде Сізбен әдепкіде (Сіздің жеке басыңызды анықтағанға дейін) ықтимал қылмыскер ретінде бірқатар дөрекі іс-әрекетке барса, ашуланбаңыз. Сізді тінтуі, қолыңызға кісен салуы, байлауы, эмоционалдық немесе жеке басыңызға жарақат жасауы, тергеуге алуы мүмкін. Бұл тәрізді жағдайларға түсіністікпен қараңыз, шабуылдаушылардың мұндай әрекеттері (барлық адамды түпкілікті сәйкестендіргенге және шынайы қылмыскерлерді анықтағанға дейін) дәлелденген. 

Адамды ұрлаушылармен өзара қарым-қатынас:

1) агрессивті қарсылық көрсетпеңіз, шалт және қауіп төндіретін қимыл жасамаңыз, террористерді өздері ойластырмаған іс-әрекеттерге итермелемеңіз;

2) мүмкіндігінше адам ұрлаушылармен тікелей көзбен арбасатын байланыстан қашыңыз;

3) бастапқыдан - ақ (әсіресе, бірінші жарты сағатта) адам ұрлаушылардың барлық бұйрығын және өкімін орындаңыз;

4) пассивті ынтымақтастық позициясын ұстаныңыз. Сабырлы дауыспен сөйлесіңіз. Басып алушылардың ашу-ызасын тудыруы мүмкін  дұшпандық рең мен іс-қимылға шақыратын жек көрушілік сезімін білдіруден қашыңыз;

5) өзіңізді сабырлы ұстаңыз, бұл ретте өз абыройыңызды сақтаңыз. Үзілді-кесілді қарсылық жасамаңыз, бірақ өзіңізге өте қажетті жағдайда сабырмен өтініш жасаудан қорықпаңыз;

6) аталған жағдайда қатты күйзелуден қозғалуы мүмкін  денсаулық кінәратыңыз болса, бұл туралы өзіңізді ұстап отырған адамдарға сабырлы түрде жеткізіңіз. Қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, біртіндеп өзіңіздің жай-күйіңізді жақсартуға байланысты өтініштер деңгейін арттыруға болады.

Кепілдік жағдайында ұзақ болған кезде:

1) уайым, абыржу және асып-сасу сезімінің орын алуына жол бермеңіз. Алдағы сынақтарға өзіңізді ойша дайындаңыз. Ақыл-ой белсенділігін сақтаңыз;

2) ашыну сезімінің пайда болуынан қашыңыз, ол үшін өз-өзіңізді сендірудің ішкі ресурстарын пайдаланыңыз;

3) жағымды нәрселер туралы ойлаңыз және сондай жағдайларды еске түсіріңіз. Уақыт өткен сайын сізді босату мүмкіндіктерінің арта түскенін ойлаңыз. Сізді дәл қазір босату үшін барлық мүмкіндіктердің жасалып жатқандығына  сеніңіз. 

4) өзіңізге тұрақты айналысатын бір іс (дене жаттығулары, кітап оқу, өмір туралы естеліктер және т.б.) табыңыз. Дене және интеллектуалдық іс-қимылдың тәуліктік кестесін белгілеңіз, оларды қатаң әдістемелік тәртіппен орындаңыз;

5) күшіңізді сақтау үшін, тіпті ұнамаса және тәбетіңізді ашпаса да берген тағамның бәрін жеңіз. Осындай қысылтаяң жағдайда тәбетіңіз бен салмағыңыздың жоғалуы қалыпты құбылыс болып табылатындығына ден қойыңыз.

Психологиялық орнықтылықты сақтау кепілдегі адамды құтқарудың маңызды шарттарының бірі. Мұнда ойдың айқындығын сақтауға, жағдайды дәлме-дәл бағалауға мүмкіндік беретін жағымсыз әсерлер мен күйзелістерден оқшаулайтын кез келген амал-әдістер тиімді. Келесі ережелерді ұғып алған пайдалы:

1) аталған жағдайларда қолайлы дене шынықтыру жаттығуларын жасаңыз, кем дегенде, денедегі барлық бұлшық еттерді кезек-кезек ширықтырыңыз және босаңсытыңыз;  

2) барлық жағдайларда аутотренинг пен медитацияны қолдану өте пайдалы, олар өз психикаңды бақылауда ұстауға көмектеседі;

3) ішіңізден оқыған кітаптарыңызды, өлеңдеріңізді, әндеріңізді   есіңізге түсіріңіз, жүйелі түрде әр түрлі дерексіз проблемаларды  (математикалық есептерді шығарыңыз, шетел сөздерін есіңізге түсіріңіз және т.б.) ойлап алыңыз. Сіздің ақыл-ойыңыз жұмыс істеуі керек.

4) егер мүмкіндік боласа, қолыңызға түскеннің бәрін, тіпті оның мәтіні сізге мүлдем қызықсыз болса да оқыңыз. Сондай-ақ жазғандарыңызды қайтып алатынына қарамастан, жазуыңызға да болады. Ақыл-есті сақтауға көмектесетін осы үдерістің өзі маңызды.  

5) Болып жатқан жағдайларды жүрегіңізге жақын алмай,  сырттан қарауға тырысыңыз, соңына дейін істің сәтті аяқталатынына сеніңіз. Қорқыныш, торығу мен селқостық – бұл үшеуі сіздің негізгі жауыңыз, оның бәрі – өз ішіңізде жатыр. 

Эвакуациялау туралы ақпарат алған кездегі

 тұрғындардың іс-қимылдары жөніндегі жаднама

Егер сіз қауіпсіз жерге көшіруді бастау туралы ақпаратты  үйіңізде естісеңіз:

1) ауа-райына қарай киініңіз, құжаттарыңызды, ақшаларыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;

2) электрді, газды, суды ажыратыңыз, пештегі (алау ошақтағы (камин) отты сөндіріңіз;

3) көшу кезінде қарияларға және ауыр науқастарға көмек көрсетіңіз; 

4) кіреберіс есікті құлыпқа жабыңыз; 

5) ғимараттан шығыңыз және көшірушінің командасын орындаңыз, тастап кеткен үй-жайға жауапты адамдардың рұқсатынан кейін ғана қайта оралыңыз.

Егер сіз қауіпсіз жерге көшіру туралы ақпаратты  жұмыс орныңызда естісеңіз:

1)  асықпай және дүрлікпей жұмыс құжаттарыңызды сейфке  немесе кілтпен жабылатын үстел жәшіктеріне жинаңыз;

2) өзіңізбен бірге жеке заттарыңызды, құжаттарыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;  

3) ұйымдастыру техникаларын, электр құрылғыларын сөндіріңіз;

4) есікті кілттеп жабыңыз және көшіру тәсілінде белгіленген бағытпен жүріңіз; 

5) ғимараттан шығыңыз және көшіру басшысының командасын орындаңыз.

ЖАРИЯЛАНҒАН: 19.02.2018 - 15:26:10

Ақпараттық бейне

Материалдар

ОҚО АҚПАРАТТЫҚ БЕЙНЕ

Мақалалар

Нормативтік дерек

Кіру немесеТіркелу