Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Медиаторлардың қызметі - бітімгершілікке қол жеткізу

«Медиация күні» республикалық акциясы аясында Кентау қаласында ашық есік күні өтті. Онда кәсіби және кәсіби емес медиаторлар тұрғындарға құқықтық кеңес берді.

Ашық есік күніне сот қызметкерлері, медиация орталықтарының басшылары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты.

Шымкент қаласынан келген кәсіби медиатор Дина Оразбекова медиация қызметінің тиімділігін түсіндірді.

Кәсіпқой емес медиатор Фарит Аюпов дауларды соттан тыс шешу нысаны болып табылатын медиация қызметі жайында жан жақты түсіндірді. Сондай-ақ, медиаторлардың қызметі - бітімгершілікке қол жеткізу екендігін атап өтті.

- Медиатор дегеніміз - кәсіби және кәсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға, ал медиация дегеніміз - тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі, яғни медиаторлардың негізгі қызметі - тараптардың бірлескен көзқарасқа келуіне барлық күш-жігерін салу, дауды шешудің екі жақты қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету болып табылады, - деді Фарит Галимович.

Жиын барысында ашық есік күніне келген көпшілікке медиация саласы бойынша кең көлемді мәлімет берілді.

Кіру немесеТіркелу