Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Бірыңғай қабылдау күні

«Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша азаматтарды Бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы өтті.

Оған жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, қалалық кәсіпкерлік бөлімі, қалалық білім беру бөлімі, жұмыспен қамту орталығы, қалалық партия филиалының қызметкерлері, қала және ауыл тұрғындары қатысты.

Аталаған іс-шараны «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сағынбек Асылбеков ашып, акцияның мақсатымен түсіндірді. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыруды қамтамасыз етуші мемлекеттік органдарға халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын түсіндіріп, оған жастарды, жұмыссыздар мен аз қамтылған, өздігінен жұмыс істейтін тұлғаларды тарту жөніндегі бірлестіктер жұмыстарын ұйымдастыру үшін пікір алмасу алаңын ұсыну екендігін айтты.

Іс-шараны өткізу барысында барлық қатысқан азаматтарға, жеке және заңды тұлғаларға жұмыспен қамту мәселелері бойынша білікті көмек, тиісті кеңестер беріліп, заңнама нормалары түсіндіріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

Фото: нур отан 

Кіру немесеТіркелу