Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Денсаулық сандарына жет!

"Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында және салауатты өмір салтын қалыптастыру, аурулардың алдын алу мақсатында Кентау қаласының Ынтымақ алаңында "Денсаулық сандарына жет!" ұранымен "Денсаулық фестивалі-2018" іс-шарасы өтті. Аталған шараға 1200-ге жуық орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары, мекеме басшылары мен қызметкерлері, медицина қызметкерлері катысты.

Фестивал жүру марафонымен басталып флешмоб, дене жаттығулары және спорттық сайыстармен жалғасты.

"Денсаулық" қалашығында Кентау қалалық емханасының және аурухананың дәрігерлері халыққа тегін қызмет көрсетті. Қан қысымын тексеріп, бой салмақ, қандағы холестерин, қант деңгейін анықтады, флюорографиялық тексеру жүргізіп, терапевт, онколог, невропатолог, кардиолог, отоларинголог, офтальмолог дәрігерлік кеңестер берді.

"Салауатты өмір салтын" ұстану, "Дұрыс тамақтану" туралы ойларымен бөлісті.

Кіру немесеТіркелу