Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Мемлекеттік қызметтегі әдептілік бақылау - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу негізі

«Адал жол – честный путь» марафоны аясында "Мемлекеттік қызметтегі әдептілік бақылау - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу негізі" атты мемлекеттік қызметшілер арасында семинар өтті. Қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаевтың төрағалығымен өткен семинарға қала және қалаға қарасты ауылдардағы мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Қала әкімінің орынбасары Самат Расул, персоналды басқару бөлімінің басшысы Жанғали Бейсенбаев байыпты баяндама жасап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Қала әкімі әрбір қабылдауға келген адамды дұрыстап қабылдап, мәселесін тыңдап, заң жүзінде шешу жолдарын қарастыру қажеттігін айтты.

Мемлекеттік қызметші әрдайым әдеп кодексін сақтауы қажеттігін, көпшілікке үлгі болып, игі істердің қасынан табыла білуі керектігіне тоқталды. Мектеп директорларына мектепте қаржы жинау мәселесі болмауы қажеттігін ескертті.

Кіру немесеТіркелу