Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Адалдық адамдықтың белгісі

Қаладағы №10 мектепте өткен тәрбие сағатына қалалық білім беру бөлімінің басшысы Әділ Әуелбеков қатысты.

"Адалдық адамдықтың белгісі" атты тәрбие сағатына мектептің 11 сынып оқушылары белсенді түрде қатысты. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында үш топқа бөлінген оқушылар жемқорлықтың қоғамға келтірер кері әсерін сурет арқылы бейнеледі. Жасаған жұмыстарын көпшілік алдында қорғап, сыбайластықтың алдын алу бағытындағы ойларымен бөлісті.

"Ең алдымен бүгінгі бала, ертеңгі мемлекеттік қызметкердің жас кезінде тәлім-тәрбиесі дұрыс болуы ләзім" - деген қалалық білім беру бөлімінің басшысы Әділ Әуелбеков сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселе әрқашан Елбасының назарында екендігін жеткізді.

"Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, онымен күрес жүргізу - жалпы ұлттық міндет, - деген болатын. Сондықтан баршамыз елдің дамуына кедергі келтіретін жемқорлықпен қоғам болып күресейік", - деді.

Кіру немесеТіркелу