Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Жас суретшілер байқауы өтті

«Адал жол – честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес марафоны аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес балалар көзімен» атты сурет салу байқауы өтті.

Іс-шараға қатысқан қала әкімінің орынбасары Самат Расул жемқорлықтың жегі құрт екендігін түсіндіріп, сайысқа қатысушы балаларға сәттілік тіледі. Балалар көркем сурет мектебі директорының орынбасары Әлкен Карибаев іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

Байқауға 20 жас суретші қатысып, екі сағат ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті сурет арқылы бейнеледі. Үздік деп танылған жұмыстар арнайы марапаттарға ие болды.

Кіру немесеТіркелу