Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Coworking-орталығы - кітапхананың жаңа келбеті

Кентау қаласында «Сoworking» орталығы ашылды. Мұнда көпшілік жоғары жылдамдықты интернеті бар компьютерлерде керекті ақпараттарын ала алады. Түрлі тақырыптағы кітаптарды оқуға да мүмкіндік қарастырылған. Ал, үлкен залда дөңгелек үстел, семинар-тренингтер және пікір-сайыс ойындарын өткізуге жағдай жасалған. Сондай-ақ, шахмат, дойбы ойнап, бос уақытты тиімді әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік мол.

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде орналасқан орталықтың ашылу салтанатына қатысқан қала әкімінің орынбасары Самат Расул, «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сағынбек Асылбеков, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исахан Жұмабаев және ардагер ұстаздар мен ақсақалдар алқасының мүшелері «Нұр Отан» партиясы ұйытқы болған игі жобаның тұсауын кесті.

Қала әкімінің орынбасары Самат Расул орталықта жастар өзін-өзі дамыту жұмыстарын жүргізіп, заңдық, IT және маркетингтік кеңестер алуға болатынын айтты.

«Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сағынбек Асылбеков Кентау қаласының  кітапханасында ашылған нысан тұрғындарға жаңа серпіліс беретінін және өңірдің инновациялық дамуына көмектесетін, жаңа ұрпаққа мамандық таңдауға, пікірлестер командасын қалыптастыруға арналған перспективалық жобаларды енгізетін, инновациялық идеялар мен тәжірибелерді іске асыратын орталық болатынын айтты.

Коворкинг-орталық - өзін-өзі ұйымдастыру нысаны, адамдар мен кез келген кәсіп иелерінің еркін қауымдастығы. Коворкинг орталықтың негізгі мақсаты - әлеуметтік маңызы бар студенттік бастамаларды, студенттік өмірді жақсарту саласындағы әлеуметтік жобаларды және бірлесе жұмыс жүргізу үшін жастардың қолжетімді жұмыс кеңістігін ұйымдастыруды, өз деңгейлерін көтеруге ниет білдірген және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің бастамаларын іске асыру үшін ыңғайлы алаң құру.

«Коворкинг» сөзі бірлесе жұмыс жасау деген мағынаны білдіреді. Замануи орталық келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік береді. Кітапханада жұмыс істеу үшін барлық жағдайлар жасалған. Ыңғайлы креслолар, үстелдер, жұмыс орындарының ауқымды саны, бірлескен және жеке жұмыстарға арналған алаңдар, ақысыз Wi-Fi, жедел интернет, Skype арқылы сұхбаттасу, принтерлер мен сканерлер бар.

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исахан Жұмабаев, бұл жобаның “Нұр Отан” партиясымен бірлесіп іске асырылуы өте маңызды екендігін жеткізді. Себебі, бүгінде кітапхана заманауи жабдықпен жабдықталған және барлық қажетті іскерлік кездесулер, мастер-кластарды өткізуге ыңғайлы қарым-қатынас орталығы. Кітапхананың бай қорынан қажетті ақпараттық және электрондық ресурстары барлығы да орталыққа келушілерге арналған. Жастар бос уақыттарында үстелдік ойындар ойнап, соңғы жаңалықтарды талқылап, пікір алмаса алады.

Кіру немесеТіркелу