Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Ұрпақ тәрбиесі - ұлт айнасы

Жуырда Кентау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен білім беру мекемелеріндегі жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша және қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмаған балалардың істері, олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс кеңейтілген мәжілісі болып өтті.

Мәжіліске қала әкімі Ғ.Рысбеков, қалалық мәслихат хатшысы Т.Балабиев, қала прокуроры Т.Сейдуалиев, қала әкімінің орынбасары С.Расул және ардагерлер ұйымының мүшелері, қалалық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің инспекторлары, аталған комиссия мүшелері, арнаулы орта оқу орындарының басшылары мен мектеп директорлары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ата-аналар комитеттерінің төрағалары мен төрайымдары қатысты.

Кеңейтілген мәжілісте білім беру мекемелеріндегі жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, мектеп оқушылары арасындағы әлімжеттілік пен зорлық-зомбылық туралы сөз қозғалды. Мәжілісті қала әкімінің орынбасары С.Расул жүргізіп, көпшілікті кеңейтілген мәжілістің күн тәртібімен таныстырып, алғашқы сөз кезегін қалалық білім бөлімінің басшысы Ә.Ауелбековке берді.

Қалалық білім бөлімінің басшысы білім бөліміне қарасты мектептердегі 2017-2018 оқу жылында атқарылған жұмыстармен таныстырып, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында, мектептерде тәрбие бағытында бірлескен жұмыс жасалып жатқандығы жайлы баяндама жасады.

Бірінші өзіміздің қалалық білім беру бөлімінің жылдық жоспарымызға сәйкес мектептер мен және қалалық полиция бөлімдерімен бірлесіп, тиісті жұмыстар атқарылып жатқандығына тоқталды. Жалпы үстіміздегі жылы құқық бұзушылықтың алдын алу мақстанда 15 дөңгелек үстел мен кездесулер өткізілгені жайлы, кәмелетке толмағандармен жалпы 51 рейд жасалынды. Бұқаралық ақпарат құралдарында 25 мақала жарияланғандығы жайлы ақпараттар берді. Жоспарға сәйкес ұйымдастырылған іс-шаралар ата-аналар комитетінің төрағалары мен төрайымдары жалпы мектеп бойынша ата-аналармен жиналыстар өткізіліп, тәртіп мәселесін бірінші орынға қойғандығын тілге тиек етті.

Сонымен қатар Кентау қаласы полиция бөлімінің ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы Ж.Ахметов қаламыздағы білім мекемелеріндегі құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында 2018 жылы атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады. "Бала тәрбиесінде ата-ана,  мектеп және қоғам болып жұмыла жұмыс жасауымыз керек", - деп жиынды қорытындылаған қала әкімі сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар тарапынан ашық пікір алмасып, сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Алдағы уақытта тоқсан сайын комиссияның кеңейтілген отырысы өткізіліп отыратындығы жиын барысында айтылды.

Түркістан қаласында мектеп оқушылар арасында болған жағдай, әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, өзекті мәселеге айналды. Осындай келеңсіз жағдайлардың ендігі жерде орын алмауы үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, қатаң түрде оқушылардың тәрбиесіне көңіл бөлінуін талап етіп, мектептегі ұстаздар болып, үйдегі ата-аналар болып атсалысуымыз қажет, - деп орамды өткір пікірлер ортаға салынып талқыланды.

Кентау қаласының әкімі Ғани Құрмашұлы көшелерге, барлық мектептерге бақылау камерасының орналасқаны дұрыс, - деп шешті. Себебі келешекте құқық бұзушылық жағдайлардың саны тиылар еді, - деген көкейдегі пікірін көпшіліктің назарына жеткізді.

Жиналған көпшіліктің ішінен жарыссөзге шығып, өз пікірлерін білдірген азаматтар, егерде осындай жайсыз жағдай орын алатын болып жатса қаламыздағы мәдениет үйінде ортамыздан комиссия мүшелерін тағайындап жолдастық сот секілді талқылап, құқық бұзған балалардың отбасымен көпшіліктің алдында ұялатындай дәрежеге жеткізіп, өзгелерге сабақ болсын, - деген мақсатта қоғамымыздағы күрделі мәселелерді болдыртпаудың алдын алу шараларын жан-жақты қарастырды.

Тәртіп мәселесі жайлы әр тоқсанда есеп беріп, қадағалап отыруды тапсырып, тиісті міндеттер жүктеді.

Кіру немесеТіркелу