Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Еңбек қатынастарын реттеу мәселесі талқыланды

Кентау қаласы әкімінің орынбасары, қала әкімдігі жанындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссия төрағасы С.Расұлдың төрағалығымен қалалық комиссия отырысы өтті. Шараға Кентау қаласы әкімдігі жанындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссия мүшелері, облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың бөлім басшысы М.С.Тулендиев, ауыл, ауылдық округ әкімдері, қалалық дербес бөлім басшылары, мекеме, кәсіпорын, ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлік субъектілердің өкілдері қатысты.  Күн тәртібінде  алты мәселе қаралды.

  1. 1. Қала аумағында орналасқан барлық мекемелер мен кәсіпорындардың жұмысшыларымен жасалған еңбек шарттары «www.enbek.kz» электронды порталда тіркеу барысы туралы,
  2. 2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын жақсарту» атты Жолдауы бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақының көтерілу барысы және атқарылған жұмыстар туралы,
  3. 3. Қала әкімдігі, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ және кәсіподақ (жұмыскерлер өкілі) арасындағы меморандум түзу туралы,
  4. 4. Облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың бөлім басшысының (М.С.Тулендиев) еңбек шарттары мен ең төмен жалақы туралы хабарламасы,

5.«Кентау - сервис» МКК-ның қордаланған жалақы қарызы туралы;

  1. 6. Сұрақ-жауаптар.

Жиын соңында жұмыс беруші мен жұмыскер арасында жасалған еңбек шарттарын «www.enbek.kz» электронды порталда  тіркеу (енгізу), жұмыс берушілер тарапынан жұмыскерлердің ең төменгі жалақысының мөлшерін көтеру (42500 теңге), қала аумағындағы кәсіпорындар шетел жұмыс күшін тарту бойынша меморандум жасау төңірегіндегі мәселелер қаралып, талқыланып және жиын қорытындысымен тиісті шешімдер қабылданды.   

Кіру немесеТіркелу