Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Президент Жолдауы насихатталды

Кентау қалалық әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қазқстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған алғашқы «Сындарлы Қоғамдық Диалог – Қазақстанның Тұрақтылығы мен Өркендеуінің Негізі» атты Жолдауын насихаттау мақсатында мәжіліс өтті. Мәжілісті қалалық мәслихат хатшысы Т.Балабиев жүргізіп отырды. Алқалы жиынға қала әкімінің орынбасары С.Расұл, қалалық мәслихат хатшысы Т.Балабиев, «Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Асылбеков, жергілікті орган басшылары, ауыл әкімдері, ардагерлер кеңесі, ақсақалдар алқасы, білім, мәдениет, спорт саласының қызметкерлері қатысты. Жиында жолдаудағы мәселелердің шешуін айқындайтын 5 бағыт бойынша қала әкімінің орынбасары Самат Расұл алғашқы сөз сөйледі. Жарыссөзге Бабайқорған ауылының ардагерлер бастауыш ұйымының төрағасы Маханбет Дайрабаев, №24 мектеп мұғалімі Жанат Төлеева, Төркүл төбе мектебінің директоры Рүстем Шілекеев, орталық кітапхана әдіскері Дильбар Абдулхамидова шығып, сөз сөйледі. Шара соңында қала әкімінің орынбасары Самат Әбдімүтәліұлы жиналған қауымды Президент Жолдауын қолдауға шақырды.

Кіру немесеТіркелу