Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Өскелең ұрпаққа ұлағатты өсиетін айтып, ізінен ерген жас буынға ізетін аямайтын қарттар қашанда құрметке лайық. Халқымызды өзгелерден дара ететін бір ерекшелік те осы. Қарияларды құрметтеу, олардың сөзіне құлақ асу – бабадан балаға сіңген қасиет. Осы орайда жылына бір келетін қарттар күні Кентау қаласында назардан тыс қалмады. Қала әкімі Даурен Махажанов қаланың көрікті Кентау қаласы болып қалыптасу жолында тер төккен ардагер қариялардың шаңырағында болып, оларға құрмет көрсетті.

Қазанның 1-і   бүкіләлемдік      қауымдастықта «Қарттар күні» болып белгіленген. Атаулы күн аясында қаламызда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі ардагерлерге құрмет, қайырымдылық шарасы. Жастар тарапынан жүзеге асатын бұл шара дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.

Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік пен тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасында екенін ұмытпауымыз қажет. Қариясы бар елдің, қазынасы бар!

Кентау қаласы әкімдігінің

баспасөз қызметі

Кіру немесеТіркелу