Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Кентау полиметалл кәсіпорны ашылды

Кентау қаласының 64 жылдық мерекесіне орай "Кентау полиметалл" ЖШС-нің ашылу салтанаты өтті. "Кентау полиметалл" ЖШС-нің ашылу салтанатымен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев, "Кентау полиметалл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Дмитрий Копченко кәсіпорынның ашылуымен құттықтады. Ардагер кеншілер Қамбар Сейітжанов пен Шерхан Абилов ашылған кәсіпорынның маңыздылығына тоқталып, ашылу сатланатымен құттықтай отырып ізгі тілектерін білдірді. Содан соң Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Иябайұлы, Кентау қаласының әкімі Даурен Махажанов, ардагер кенші Шерхан Абилов, "Кентау полиметалл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Дмитрий Копченко кәсіпорынның лентасын қиып, іске қосу тетігін басты. Одан әрі құрметті қонақтар кәсіпорнының жұмысымен танысып, аралап шықты. «Кентау полиметалл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде шетелдік үлесі 100 % серіктестіктің жалғыз қатысушысы - "Хоргос Джункей Трейд" ЖШС, 08.12.2016 жылы сатып алынды. Жобаның атауы түсті металдар кендерін байыту учаскесі. Жобаның мақсаты бос тұрған өнеркәсіп объектілерінің орнына түсті металдар кендерін байыту кешенін ұйымдастыру және жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Жобаның көзделген мақсатына жету үшін 2016 жылдың 10 желтоқсанында Кентау қаласының әкімдігі, ОҚО Кәсіпкерлер палатасы және инвестициялық компания арасында 2 170 000 000 теңге сомасына инвестициялық жобаны жүзеге асыру туралы үш жақты меморандумға қол қойылды. Меморандумға инвестор тарапынан жобаны уақытылы іске асыру бойынша ақпараттық және консультациялық қолдау және ҚР заңнамасына сәйкес жұмыс орындарын құру кіреді.

Кіру немесеТіркелу