Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

ШҰҒЫЛ КЕҢЕС

Кентау қаласының әкімі Даурен Махажановтың төрағалығымен шұғыл кеңес өтті. Күн тәртібінде ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шаралары пысықталды. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, №5 жылу орталығы, "Ащысай Су" КММ, Тазалық-Кентау, "Жасыл-Кентау" ЖШС, "Оңтүстік-Жарық" ЖШС, қалалық транспорт және автомобиль жолдары бөлімінің басшылары төтенше жағдайдың алдын алу бойынша дайындық шараларын баяндады. Сонымен қатар, алдағы демалыс күндеріндегі кезекшілік кестесі бекітіліп, сол бойынша тиісті жұмыстар атқарылу керектігі айтылды. Қала әкімі сала басшылары мен ауыл, ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, тікелей өзінің бақылауында болатыны айтылды.

Кіру немесеТіркелу