Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

БАТЫР РУХЫНА ТАҒЗЫМ

Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында Желтоқсан көтерілісінің 33 жылдығына орай ұлт қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың ескерткішінің алдында Халық қаһарманын еске алу іс-шарасы өтті. Аталмыш басқосуға «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, Кентау қаласының әкімі Даурен Махажанов, қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев, «Nur Otan»  партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Асылбеков және қоғам белсенділері қатысты. Салтанатты рәсім ең алдымен ағаш көшеттерін отырғызумен  бастау алды. Игілікті шараға барша қоғам белсенділері   атсалысты.Жиында «Желтоқсан-86» ұйымының төрайымы Рахима Утебаева көтеріліске қатысқан азаматтардың естеліктері жайында сөз сөйлеп,  Хантағы ауылындағы А.С.Пушкин атындағы №6 мектептің оқушылары ұлт қаһармандарына арнаған өлең жолдарын арнады. Шара соңында Қайрат Ноғайбайұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, ұлт үшін құрбан болған өрендердің рухына құран бағышталды.

Кіру немесеТіркелу