Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Кентау қаласы әкімдігінің  үлкен мәжіліс залында жиын өтті. Жиында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы   Б.Айтбаев еңбекке қабілетті азаматтарды еңбекке ынталандыру, табысы аз азаматтардың табыстарын және мемлекеттік қолдау мөлшерін есепке алуға қатысты әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін заңға тиісті өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, ұсынылған жаңа ұстанымдар көпбалалы аналарды қолдауды, жаңғыртылған атаулы әлеуметтік көмекті, кепілді әлеуметтік көмекті қамтитын болады. Табысы аз отбасылардың 60%-ға жуығы көп балалы отбасылар. Осыған байланысты, көп балалы отбасыларды қолдау үшін атаулы әлеуметтік көмек алушы көпбалалы отбасылардың табысына қарамастан берілетін мемлекеттік жәрдемақыға ауыстырылды. Бақытжан Жайлауұлы көпбалалы аналардың беделін мойындап, олардың әл-ауқатын арттырудың бірден-бір жолы екендігін атап өтті.

Көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа  мемлекеттік жәрдемақы отбасы балаларының санына қарай беріледі:

* 4 балалы отбасыларға – 42500 теңгеден;

* 5 балалы отбасыларға – 53 125 теңгеден;

* 6 балалы отбасыларға – 63 750 теңгеден;

* 7 және одан да көпбалалы отбасыларға – 74 375 теңгеден.

Атаулы әлеуметтік төлемдерге де өзгеріс енгізіледі. Енді ол тоқсан сайын тағайындалмақ. Екіншіден барлық отбасы мүшелеріне АӘК орта табысы мен кедейлік шегі арасындағы айырмашылық көлемінде төленетін болады. Егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған белсенді жұмыспен қамту шараларынан бас тартса, онда ол және оның отбасының барлық мүшелері АӘК алу құқығынан айрылады. Төртіншіден, учаскелік комиссиялардың жұмысы және жауапкершілігі күшейтіледі. Жиын соңында енгізілген жаңа форматтағы жәрдемақы мен АӘК жайында қала мен ауыл тұрғындарына жедел түсіндіру керектігі тапсырылды.

Кіру немесеТіркелу