Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Ауғанстанан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 31 жыл толуына орай қала әкімі Дәурен Махажанов қала әкімдігінің кіші мәжіліс залында Ауған соғысы ардагерлерімен кездесті. Сондай-ақ жиында ардагерлер өздерін толғандырып жүрген ұсыныс-тілектерін ортаға салды. Атап айтсақ, рецепт бойынша берілетін тегін дәрі-дәрмекті кезекпен беру, жыл сайын ардагерлердің денсаулығын жақсарту мақсатында емдік-сауықтыру орындарына жіберу секілді мәселелер қозғалды. Алғашқы сөзді алған қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Төрехан Сүлейменов ардагерлер қауымын келе жатқан төл мерекелерімен құттықтап, алдағы уақытта мереке қарсаңында өткізілетін іс шаралар жайын атап өтті. Жыл басынан бері ауған соғысы ардагерлеріне бір реттік және басқа да материалдық көмек көрсету, шипажайлар мен сауықтыру орындарына жолдамамен қамтамасыз ету шаралары бойынша атқарылған жұмыстарды қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.а. Д.Асылбеков баяндап өтіп, шипажайға қатысты көтерілген сауалдарға жауап берді. Сонымен ардагерлерді алаңдатқан дәрі-дәрмекті кезекпен алуды реттеу қажет деген ұсынысына қалалық емхананың өкілі заңсыз берілген рецептерді анықтап, олқылықтар жойылатындығын жеткізді. Жиын барысында ауған соғысы ардагерлерінің ұсыныстарына құлақ түрген шаһар басшысы Дәурен Сәбитұлы аталған мәселелер заң аясында шешілетіндігін жеткізіп, тиісті сала басшыларына дер кезінде орындалуын қамтасыз етуді тапсырды. Аталған жиынға қала мен ауылға қарасты 8 ауған соғысының ардагерлері, дербес бөлім, қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма басшылары қатысты. Жиын соңында ауған соғысының ардагерлеріне қиын

сәтте ержүректілік танытқандары және жастарды отаншылдыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеуге үлестерін қосқандары үшін қала әкімінің алғыс хаттарымен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Кіру немесеТіркелу