Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

КОРОНАВИРУСТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Кентау қаласының әкімі Даурен Махажанов таңнан бастап қаладағы бала-бақшалар мен базар, дүкендерді аралады. Ондағы мақсат инфекцияның алдын алу мен халық көп шоғырланатын аймақтарды ұдайы залалсыздандырып отыру көзделген.

Сондай-ақ, шаһар басшысы бала-бақшаларда болып, ондағы санитарлық тазалық жұмыстарын күшейтуді басты назарға алу керектігін қатаң тапсырды. Бүгінде жалпы қала мен ауылдарды қосқанда 70%-ға жуық бүлдіршін балабақшаға баруда. Базарлар мен дүкендерді аралаған қала басшысы кәсіпкерлерге барынша ұқыпты, әр зат қораппен берілу керектігі айтылды.

Алдағы уақытта өңірде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтау және алдын алу шараларын күшейту бойынша тексеру жұмыстары ұдайы жүргізілетін болады. Жалпы, Кентау қаласы бойынша жағдай тұрақты және сақтық шаралары қатаң бақылауда.

Кіру немесеТіркелу