Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

КЕНТАУДА КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАМА БЕРІЛЕ БАСТАДЫ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында АӘК тағайындау тетігін оның ашықтығын, әділдігін және еңбекке деген ынтасын қамтамасыз ету мақсатында түзетуге тапсырма берген болатын. Мемлекеттік көмектің жаңа шаралары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап кешенді түрде жүзеге асырылады және оған: көпбалалы отбасыларға арналған жаңа мемлекеттік жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, табысы аз отбасылардың балаларына арналған кепілдік берілген әлеуметтік топтама кіреді делінген.

Жолдауға сәйкес өңірлерде оның ішінде Кентау қаласында алғашқы кепілдендірілген әлеуметтік топтама беріле бастады. Мұнда 1-3 жас аралығындағы балаларға 552 дана, 1-6 жас аралығындағыларға-740 дана азық-түлік таратылады. Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер ағымдағы жылдың қаңтар, ақпан айларында АСП тағайындалған 1292 отбасыларға берілетін болады. Тоқсанына 1 рет берілетін 1292 дана гигеналық заттары алдағы сәуір айында келеді. Магнум компаниясымен 296 млн теңгеге жылдың келісім шарт түзілген.

Ал, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған КБӘТ азық-түлік жиынтығын және тұрмыстық химия тауарларының жиынтығын қамтиды. Сондай-ақ, 6 -18 жасқа дейінгі балалар үшін мектептерде ыстық тамақ, оқу құралдары мен мектеп киімдерін беру көзделеді. Сонымен қатар осы санаттағы балалар үшін мектепке дейінгі жол жүру шығындары толығымен өтелетін болады.

Азық-түлік жиынтығы балалардың жас санатына  байланысты  өз құрамы бойынша ерекшеленеді: 1- 3 жасқа дейін және 3 -6 жасқа дейін, бірақ әлеуметтік топтаманың құрамы өңірлерге қарамастан бірдей беріледі. Жиын құрамы физиологиялық ерекшеліктерді, азық-түліктің тағамдық және энергетикалық құндылығының арақатынасын және жасына сәйкес оларды пайдалану нормаларын ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдары негізінде құрылған. Өнімдер дәрумендерге өте бай келеді сол себепті бұл өсіп келе жатқан организмдегі дәрумендердің жетіспеушілігін өтеуге мүмкіндік береді.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Кіру немесеТіркелу