Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

«ЕҢ ҮЗДІК КІТАПХАНАШЫ - 2017»

2017 жылдың 31 шілде күні орталық кітапхананың оқу залында Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашыларының арасында «ЕҢ ҮЗДІК КІТАПХАНАШЫ - 2017»атты байқау өткізілді.

Байқаудың мақсаты: Кітапханашы бүгінгі күн өз қызметінің майталманы, өзінің кәсіби шеберлгін арттыру жолында үздіксіз еңбектену: білімі мен іскерлігін жетілдіру, заманауи жетістіктерді белсенді түрде игеру, кітапханашылардың арасындағы ең үздігін таңдау.

Байқау 5 кезең бойынша өтті:1.Алдымен шығармашылық тур бойынша қатысушылар «Сәлем сөздің анасы» тақырыбымен слайд шоу, бейнебаян, поэзия немесе проза түрінде өздерін таныстырады.2. «Көркем сөз – көрікті ойдың жемісі» интеллектуалдық турда әрбір үміткер блиц турнир бойынша бірнеше сұраққа жылдам жауап беру. 3. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты үшінші турда әрбір үміткер өз өнерін көрсету.

4. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Бір ел – бір кітап»акциясы аясында таңдауға түскен ақын жазушылардың бір шығармасын мәнерлеп оқу. 5. «Мамандығым мақтанышым»тақырыбында эссе жазу.

Іс – шараға Кентау қалалық орталық кітапхананың оқу залының кітапханашысы С.Омарова, орталық балалар кітапханасының абонемент бөлімінің кітапханашысы Ж.Калданова, Хантағы ауылдық№2 кітапхана-филиалының кітапханашысы Ш.Махамбетиярова, Ащысай ауылдық №7 кітапхана - филиалының кітапханашысы С.Сагындыкова, Бургем елді мекенінің №8 кітапхана - филиалының кітапханашысы С.Жүнісова, №10 кітапхана - филиалының кітапханашысы Т.Джумабековалар қатысты. Байқаудың әділқазылары алқасы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Байболова Ақнұр Нұралықызы, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директоры Кокулова Гулнар Исабекқызы, жергілікті қаламгер Махажанов Мұхит Әбдәшімұлы, Кентау қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың кітапханашысы Адыршаева Ұлболсын Ибадуллақызы, көркемсөз оқу шеберінің облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы, 2016 жылы мәдениет саласының ең жас үздік артісі, Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі Мыңбай Бақыт Өсербайұлы байқауға төрелік етті. «Ең үздік кітапханашы – 2017» байқаудың жеңімпазы Бургем елді мекенінің №8 кітапхана - филиалының кітапханашысы С.Жүнісова дипломмен және сый – сияпатпен марапатталды.

Кіру немесеТіркелу