Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

«Ұлттық құндылықтар - тəрбиенің түпқазығы» өнер фестивалі

Қаңтар айында Кентау қалалық Ш.Қалдаяқов атындағы мəдениет сарайына қарасты ауыл клубтар арасында Елбасының "Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру" мақаласы аясында "Ұлттық құндылықтар-тəрбиенің түпқазығы" атты өнер фестивалі жарияланған болатын. Фестивальге Кентау қаласына қарасты 4 ауыл клубтары қатысып, ережеге сəйкес, өз өнерлерін көрсетті. Іс-шара барысында қолөнер көрмесі жəне спорттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылып, ауылдық клуб ғимараттарында "Достық" бөлмелері ашылды.

"Ұлттық құндылықтар-тəрбиенің түпқазығы" фестивалінің қорытындысы  бойынша  Ащысай ауылдық клубы "Үздік көркемдік безендіру", Байылдыр ауылы клубы "Үздік салт-дəстүр көрсетілімі", Қарнақ ауылы клубы "Үздік дəстүрлі өнер" номинацияларын иеленсе, Хантағы ауылдық клубы бас жүлдені қанжығасына байлады. 
Жеңімпаздар мен номинация иелері дипломдар мен арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Кіру немесеТіркелу