Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

«Ақылдың кені» кітабының тұсаукесері

  2018  жылдың  6 маусым   күні   орталық  кітапхананың  оқу  залында   Қазақстан   Республикасы   Президентінің  Н.Ә.Назарбаевтың   «Болашаққа  бағдар: рухани  жаңғыру»  атты  мақаласын  жүзеге асыру  мақсатында  қаламгер – ұстаз,  бірнеше кітаптың  авторы,  шешен  сөздің  шебері Асан  Байсымақтың  «Ақылдың  кені»  атты  кітабын  көпшілік  оқырманға  насихаттау  мақсатында  кітаптың  тұсаукесері  өтті. Іс – шараға  зиялы  қауым  өкілдері,  № 24 ұстаздары  мен  оқушылары мен  студент – жастар,  көпшілік  оқырмандар  қатысты. Іс - шараны  Кентау  қаласы  әкімінің  орынбасары  Самат  Расул  сөз сөйлеп,  қала әкімі  Мақұлбаев  Әбдібақыт  Тілләбайұлының алғыс  хатымен марапаттады. Кітаптың  тұсауын  Қазақстан  Республикасының  Жазушылар   одағының  мүшесі,   Ақбар  қажы,  Оңтүстік  Қазақстан  облысы,   Кентау  қаласының  құрметті азаматы,   халықаралық  «Алаш»  сыйлығының,  «Құрмет»  орденінің,  «Ұлы дала батыры»  төсбелгісінің  иегері,  ақын,  «Қаратау  тәжі»  әдеби   шығармашылық   бірлестігінің   төрағасы   Балабиев  Рахым   Базаргелдіұлы   мен     Ардагерлер кеңесінің  төрағасы  Исахан  Жұмабаевтар  кесіп,  Р.Балабиев  кітап  авторына   арнау  оқыды. Халықаралық  ұстаздар  одағының  мүшесі,  Халық  қаһарманы  Бауыржан  Момышұлының  «Батыр  шапағаты» медалімен, «Халықаралық  композиторлар  одағы» төсбелгісінің  иегері  ақын, сазгер,  ардагер  ұстаз  Жұпаркүл  Бекшораева  Асан  Байсымаққа арнаған арнауын оқыса, ақсақалдар  алқасының  төрағасы  Мұратбек   Абдуллаев пен Қазақстан  Жазушылар Одағының  мүшесі, жазушы  жерлесіміз   Есқара  Тоқтасынов, әжелер  алқасының  төрағасы  Салтанат  Атабекқызы  өз  жылы  лебіздерін  білдірді.Т.Рысқұлов  атындағы  №24 жалпы орта  мектебінің  оқушылары А.Байсымақтың «Ақылдың  кені»  атты  кітабынан  ғибрат  аларлық, тәлім – берерлік, өсиет – толғамдары – ойсыздарға  ой  салатын, ақылын  орнымен  жұмсай  алмай  жүргендерге  жол  көрсететін  бағалы жыр  жинақтарынан  үзінділер  оқыды. 

Іс – шара  барысында кітаптың   авторы   Асан   Байсымақ  көпшілік   қауым  өкілдеріне   өз  ризашылығын  білдіріп,  алғыс  айтты. Кеш  соңында қонақтар   орталық  кітапхананың  ұйымдастырған «Қаламгер  ұстаз» атты  кітап  көрмесімен  танысты. 

Кіру немесеТіркелу