Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Цифрлы Қазақстан

Электрондық құжат арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және тексеру жөніндегі «ezSigner» атты жаңа сервис әзірледі

Біздің компания электрондық құжат арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және тексеру жөніндегі «ezSigner» атты жаңа сервис әзірледі.

«ezSigner» көмегімен азаматтар кез келген құжатқа (түрлі анықтамалар, өтініштер және т. б.) оған заңды маңыздылығын қамтамасыз ете отырып, қашықтықтан қол қоя алады.
Яғни, әрбір азаматтың осы веб-қосымшаны пайдалануға мүмкіндігі бар, ол үшін электрондық цифрлық қолтаңба болу және NCALayer бағдарламалық қамтылымын орнату қажет.

«ezSigner» сервисінің бетінде Пайдаланушыға «Құжатқа қол қою» және «Құжатты тексеру» деген екі функция беріледі. Сервистермен жұмыс жасау жөніндегі толық нұсқаулық веб-қосымша бетінде қолжетімді.

«ezSigner» сервисі ақпаратты криптографиялық қорғаудың сертификатталған құралдарын пайдаланады және қорғалған қосылу режимінде жұмыс істейді. «ezSigner» қол қойылған және тексерілетін электрондық құжаттардың, сондай-ақ Пайдаланушының кілттері мен тіркеу куәліктерінің көшірмелерін серверде сақтамайды және бермейді. Бұл ретте қол қою процесі тікелей клиенттік жағында болады.

NCALayer туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (бұдан әрі – ҚР ҰКО) пайдаланушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде браузерлерде электрондық құжаттарға қол қою үшін пайдаланушының компьютеріне орнатылатын NCALayer бағдарламалық қамтылымын ұсынады. NCALayer бізге не үшін қажет? Бұрын мемлекеттік қызметтер мен өзге де сервистерді ұсынатын сайттарда (мысалы, Сот кабинеті) авторизациялау Java апплет арқылы жүзеге асырылды, ол компьютерде, жеке куәлік чипінде немесе кілт-токенде орналасқан электрондық цифрлық қолтаңбамен жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Бірақ Java қосымшаларымен браузерлердің жұмысы кезінде жеткілікті осалдық байқалғандықтан, браузерлердің әзірлеушілері 2015 жылы өз өнімдерінде Java апплеттерін пайдаланудан бас тартты.

Осы сәттен бастап ҚР ҰКО пайдаланушылар және бұдан әрі ЭЦҚ кілттері арқылы қажетті құжаттарға қол қою үшін өзінің NCALayer өнімін құрды. Енді, ЭЦҚ кілттерімен жұмыс істеу болжанатын ақпараттық жүйемен (NCALayer пайдаланатын) әрбір жұмысының алдында барлық браузерлер арқылы ЭЦҚ электрондық құжаттарына қол қою мүмкіндігі ұсынылуы үшін осы қосымшаны іске қосу қажет.

Бұл бағдарламалық қамтылым:
1. браузер арқылы жұмыс істеу мүмкіндігі мен Java апплет функционалын қолдау мүмкіндігін; 2. ҚР ҰКО барлық алгоритмдерін қолдау мүмкіндігі, оның ішінде МЕМСТ 34.310-2004 ЭЦҚ алгоритмі және МЕМСТ 34.311-95 хэширлеу алгоритмін; 3. ҚР ҰКО кілттерімен файлдық жүйеде жұмыс істеу және ҚР ҰКО кілттері шығарылатын барлық жеткізгіштерді қолдау мүмкіндігін; 4. ҚР ҰКО сертификатталған криптопровайдер арқылы жұмыс істеу мүмкіндігін; 5. кроссплатформендік және кроссбраузерлік; 6. браузермен қауіпсіз байланысты ұсынады.

 

Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеңестер (мазмұнын жүктеу)

 

 

 

 

 

 

Кіру немесеТіркелу